КММ-нің мекенжайы: индексі 020100, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Т.Бигелдинов көшесі, 10-үй. Телефон: 8 (716 38) 21174.
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 172 015теңгеден 209 179 теңге аралығында.
КММ-нің негізгі қызметі: түзету-әдістемелік білім беру үдерісі.
КММ басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар:
"Арнайы білім" ("Дефектология") бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы екі жыл;
және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы;
аутизмі бар балаларды қолдау орталықтары (autism-орталық) үшін жұмыс өтілі арнайы білім беру ұйымдарында немесе аутизмі бар балаларды қолдау орталықтарында (аустим (autism) -орталық) кемінде бір жыл немесе арнайы білім беру ұйымдарындағы басшылық лауазымында кемінде бір жыл немесе аутизмі бар балаларды қолдау орталығының (аустим (autism) -орталық) басшысы лауазымында кемінде бір жыл немесе аутизм орталықтарының бөлімшелері немесе аутизм орталықтарында лауазым бағыты бойынша педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагогтар үшін;
осы тармақтың 2,3-азат жолындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
КММ басшысының лауазымдық міндеттері: арнайы білім беру ұйымының жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады; білім беру ұйымының даму жоспарын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, түзету-дамыту және жеке бағдарламаларды бекітеді; педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, кеңестің ұсынымын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады; педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады; білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады; білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жағдай жасайды; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауға қатысады; білім беру процесінде балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналарға консультация береді; әдістемелік жұмысты басқарады; құжаттаманың дұрыс жүргізілуіне, арнайы оқу және медициналық жабдықпен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалмен жарақтандыруға жауап береді; бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен халық арасында, педагог қызметкерлер арасында педагогтерді, медициналық және басқа да қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі семинарларда, курстарда дефектологиялық білімді тарату бойынша жұмысты ұйымдастырады; педагогтар мен мамандардың сапалы жұмысын қамтамасыз етеді; ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімін дамыту, өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды; өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді; барлық органдарда арнаулы білім беру ұйымының мүддесін білдіреді; компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген; білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді; педагог кадрларды және қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады; педагогикалық кеңесті басқарады; жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады.
МКҚК-нің мекенжайы: индексі 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Жамбыл көшесі,140 үй. Телефон: 8 (716 2) 329305.
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 223 088 теңгеден 270 587 теңге аралығында.
МКҚК -нің негізгі қызметі: техникалық және кәсіптік, жарты орта білім беру кәсіптері мен мамандықтарының жіктеуіші негізінде өнер және мәдениет мамандықтары бойынша кәсіби кадрлар даярлау.
МКҚК басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар:
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім; білім беру саласындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы (мекеме) басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл;
оқу орнының кадрлар даярлау бейініне сәйкес келетін бір немесе бірнеше біліктілік бойынша орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріндегі басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл;
бейіні бойынша әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшысы (басшының орынбасары) лауазымында кемінде 2 жыл өтілі бар;
педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы (оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде);
немесе "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының немесе білім беру ұйымы "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.
МКҚК басшысының лауазымдық міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметті басқарады; мемлекеттік стандарт талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді; оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процестерінің кестелерін, ішкі тәртіп қағидаларын бекітеді, психологиялық қызметтің жұмыс жоспары және құрамын бекітеді; білім беру ұйымы қызметкерлерінің басқару құрылымын, штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді; білім алушылардың контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді; ехникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істеу үшін жағдайларды, қоғамдық тамақтануды, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды және олардың жұмысын бақылауды, психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді; білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етеді; оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен білім беру ұйымдары қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасайды; ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін жағдайлар жасайды; қаржы-шаруашылық қызметіне, оның ішінде материалдық және ақшалай қаражатты мақсатсыз пайдалануға жауапты болады; жұмыс берушілермен және әлеуметтік серіктестермен жұмысты үйлестіреді; қолда бар мүліктер мен құралдарға билік жүргізеді, оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, санитариялық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді; қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйіне, оның ішінде материалдық және ақшалай қаражатты мақсатсыз пайдалануға бақылауды жүзеге асырады және жауапты болады; материалдық-техникалық базаны қайта жарақтандыруды және қайта ұйымдастыруды ұйымдастырады. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады; білім беру ұйымының білім беру қызметінің саласын қолдау және кеңейту мақсатында білім берудің инновациялық технологияларын енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді; кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді, педагогтердің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды; үздіксіз кәсіптік оқыту бойынша білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыс бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады; жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етеді, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді.; жоғары тұрған, қоғамдық және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді; әлеуметтік әріптестік пен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады; уәкілетті органға (құрылтайшыға) оқу, ғылыми және қаржылық қызмет нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті ұсынады; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасайды; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (мекемелері) басшыларының біліктілігін беру (растау), арттыру кезінде қойылатын тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді; білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне дұрыс және уақытылы әкімшілік деректерді ұсынуды қамтамасыз етеді.
Басшы лауазымына конкурсқа қатысу үшiн кандидатқа ұсыну қажет:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. № 57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген);
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
4) білім тұралы мемлекеттік үлгілі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту туралы сертификат (бар болса);
10) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
11) түйіндеме;
12) Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген).
13) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен куәландырады.
Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыға құжаттарды қайтарып беру үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысуға үміткер басқарма комиссиясының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін, наградалар туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалардың құжаттары конкурсты өткізу туралы Ақмола облысының білім басқармасының ресми Интернет-ресурстарында, ресми әлеуметтік желі аккаунттарында жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні аяқталғанға дейін қабылданады.
Құжаттарды қабылдау 7 қыркүйектен бастап 15 қыркүйекке дейін, келесі жолдармен жүзеге асырылады:
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны: 8(716-2) 90-31-05, электрондық мекен-жайы: konkurs.kadry@mail.ru
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.
Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей кадр қызметін хабардар етеді.
Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.