«Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» бұйрығына сәйкес

Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының  лауазымына орналасуға конкурс  жариялайды (әрі қарай - КММ).

КММ-ның мекенжайы: индекс 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Құдайбердиев көшесі, 57 үй. Телефон: 8 (716-2) 40-19-11

КММ-нің негізгі қызметі: балаларды тексеруді және оларға консультация беруді, ерекше білім беру қажеттіліктерін және білім алу үшін арнаулы жағдайларды бағалау болып табылады.

КММ-ні басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар: 

"Арнайы білім" ("Дефектология") бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы екі жыл;

және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы;

аутизмі бар балаларды қолдау орталықтары (autism-орталық) үшін жұмыс өтілі арнайы білім беру ұйымдарында немесе аутизмі бар балаларды қолдау орталықтарында (аустим (autism) -орталық) кемінде бір жыл немесе арнайы білім беру ұйымдарындағы басшылық лауазымында кемінде бір жыл немесе аутизмі бар балаларды қолдау орталығының (аустим (autism) -орталық) басшысы лауазымында кемінде бір жыл немесе аутизм орталықтарының бөлімшелері немесе аутизм орталықтарында лауазым бағыты бойынша педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагогтар үшін;

осы тармақтың 2,3-азат жолындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

 Лауазымдық жалақысы: еңбек еткен жылдарына байланысты 198825   теңгеден  281205    теңге аралығында.

КММ-нің басшысының лауазымдық міндеттері:  арнайы білім беру ұйымының жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады;

білім беру ұйымының даму жоспарын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, түзету-дамыту және жеке бағдарламаларды бекітеді;

педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, кеңестің ұсынымын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады;

педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады;

білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жағдай жасайды;

ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауға қатысады;

білім беру процесінде балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналарға консультация береді;

әдістемелік жұмысты басқарады;

құжаттаманың дұрыс жүргізілуіне, арнайы оқу және медициналық жабдықпен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалмен жарақтандыруға жауап береді;

бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен халық арасында, педагог қызметкерлер арасында педагогтерді, медициналық және басқа да қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі семинарларда, курстарда дефектологиялық білімді тарату бойынша жұмысты ұйымдастырады;

педагогтар мен мамандардың сапалы жұмысын қамтамасыз етеді;

ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімін дамыту, өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды;

өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді;

барлық органдарда арнаулы білім беру ұйымының мүддесін білдіреді;

компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;

білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;

педагог кадрларды және қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады;

педагогикалық кеңесті басқарады;

жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады.

 Басшы лауазымына конкурсқа қатысу үшiн кандидатқа ұсыну қажет:

1) өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) біліктілік тестілеу сертификаты;

10) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

11) түйіндеме;

12) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7495 болып тіркелген) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі.   

4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыға құжаттарды қайтарып беру үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысуға үміткер басқарма комиссиясының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін, наградалар туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалардың құжаттары конкурсты өткізу туралы  Ақмола облысының білім басқармасының ресми интернет-ресурстарында, ресми әлеуметтік желі аккаунттарында жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні аяқталғанға дейін қабылданады.

Құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 22.06.-01.07 дейін келесі жолдармен жүзеге асырылады:

  • білім басқармасының кеңсесіне: Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі 1,  302 кабинет, 09.00-13.00 және 14.30-18.30. Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны:  8 (716-2) 90-31-05, электрондық мекен-жайы: kadry@mail.ru
  • «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • «Электрондық үкімет» веб-порталы.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.

Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей кадр қызметін хабардар етеді.

Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

 

Дата публикации
22 июня 2023