"Жас Маман" жобасын іске асыру бойынша ақпарат

2019 жылы Жастар жылы аясында республика бойынша  "Жас маман" жобасы бастау алды. Жалпы еліміз бойынша жобаға қатысуға 600-ден астам оқу орны үміткер болды, бірақ тек қана 180 колледж бен 20 университет Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айқындаған 100 неғұрлым талап етілетін мамандық бойынша оқу үдерісі үшін озық құрал-жабдықтарды сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Жобаға қатысушы колледждер материалдық базаны халықаралық талаптарға сәйкестендірудің бірегей мүмкіндігіне ие болды. "Жас маман" жобасы бойынша сатып алынған заманауи оқу және өндірістік жабдықтары, академиялық еркіндік ретінде  колледждер жұмысында кең мүмкіндіктер ашады. Біздің облыста конкурстық республикалық іріктеу арқылы аталған жобаға 11 колледж қатысты.

Жоба 2 жыл қатарынан жүзеге асырылды. 2020 жылы "Жас Маман" жобасына облыстың 5 колледжі қатысты. Бұл «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі», «Көкшетау қаласы, Құрылыс – технологиялық колледжі», «Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжі», «Шағалалы ауылы, Жоғары агротехникалық колледжі», «Степногорск  қаласы, Жоғары колледжі».

Жоба аясында заманауи оқу жабдықтарын сатып алуға республикалық бюджеттен 1,6 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Сондай-ақ, облыстық бюджеттен қоса қаржыландыру 80 млн. теңгеден асты. Жабдықтарды сатып алу 18 сұранысқа ие мамандық және 33 біліктілік бойынша оқыту үшін жүзеге асырылды. Бұл машина жасау технологиясы, ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, тамақтануды ұйымдастыру, сәулет, жиһаз өндірісі, техникалық қызмет көрсету, өнеркәсіпте пайдалану және жөндеу, автомобиль көлігі, механикалық өңдеу, бақылау-өлшеу аспаптары сынды т.б. мамандықтар бойынша жүзеге асырылды. Мысалы, Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінде «Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша оқыту үшін құрал-жабдықтар сатып алынды, оның құрамына автомобильдер шанақтарының геометриясын қалпына келтіру жөніндегі аспаптар кіреді, бұл кез келген күрделіліктегі шанақ пен оның бөлшектерін рихтау және қалпына келтіру бойынша жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін электрондық өлшеу жүйесі бар. Бұл жүйе студенттерге заманауи және жоғары дәлдіктегі технологияны пайдалана отырып, шанақты құрастыру дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді. Дәнекерлеушілерді оқыту үшін дәнекерлеу доғасын өте дәл бақылауды, дәнекерлеудің ең жоғары өнімділігін және дәнекерлеу өндірісін басқаруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуге қосылу мүмкіндігін қамтамасыз ететін жабдық сатып алынды. Степногорск қаласы, Жоғары колледжі, , сондай-ақ Көкшетау қаласы Жоғары техникалық колледжіне, әлемнің жетекші компанияларының сандық бағдарламалық басқармасы бар заманауи станоктар сатып алынды. Бұл біздің өңірдегі ірі кәсіпорындар: «Еуропалық подшипник корпорациясы», «Тыныс» АҚ және т.б. үшін жоғары сапалы токарларды дайындауға мүмкіндік береді.

2021 жылы «Жас Маман» жобасына облыстың 6 колледжі қатысты. Бұл  «Атбасар қаласы Аграрлық-индустриалдық колледжі», «Көпсалалы инновациялық колледжі», Щучинск қаласы, Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі», «Степногорск қаласы,Тау-кен колледжі», «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы Жоғары мәдениет колледжі», «Астраханка ауылы, Агротехникалық колледжі».

Бұл жобаға республикалық бюджеттен 1,7 млрд теңге, облыстық бюджеттен 170,3 млн теңге бөлінді. Заманауи оқу-өндірістік жабдықтарды сатып алу 13 мамандық және 20 біліктілік бойынша жүзеге асырылады. Бұл жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары, Маркшейдерлік іс, пайдалы қазбаларды байыту, ауылшаруашылық техникаларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу, орман шаруашылығы, бау-бақша және ландшафт құрылысы, өнеркәсіптегі электромеханикалық жабдықтар сияқты мамандықтар.                                                           Халықаралық стандарттарды жаңғырту және енгізу нәтижесінде "Жас маман" жобасына қатысушы колледждер базасында 23 құзыреттілік орталығы ашылды. Олар өндірістік оқыту мен тәжірбие өткізу базаларымен айқындалған, сондай-ақ ауылдық шағын колледждерге қолдау көрсету үшін бекітілген.

Сондай-ақ, «Жас Маман» жобасының арқасында заманауи құрал-жабдықтардың сатып алынуы колледждерімізге өз өнімдерін өндіріп, өткізу бойынша жеке шағын кәсіпорындарын ашуға мүмкіндік берді. Мәселен, Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледжде құрылыс материалдарын, брусчатка, брусчатка, қабырға және арақабырға блоктарын шығаратын шағын кәсіпорын, жиһаз цехы жұмыс істейді. Ағымдағы жылы Бозайғыр ауылының бөлімшесінде көкөніс өсіру бойынша өнеркәсіптік жылыжай ашу жоспарлануда. Астраханка ауылының агротехникалық колледжінде аспаздық-кондитерлік цехты, дәнекерлеу цехын ашу, автомобильдерді диагностикалау және жөндеу жоспарлануда. Жоба аясында білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу жүргізілді. Жобаның мамандықтарына сұранысты ескере отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жыл сайын бұл мамандықтарға 1000-ға жуық талапкер қабылданады.                 Жоба бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 122 педагогикалық қызметкер өтті. Жабдықты сатып алу кезінде жеткізушілер үшін міндетті шарт колледж қызметкерлерін жабдықта жұмыс істеуге оқыту болғанын атап өткен жөн. Жалпы, жоба облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне үлкен қолдау көрсетті.

Дата публикации
07 июня 2023