ХАБАРЛАНДЫРУ

«Ақмола облысының білім  басқармасы» мемлекеттік мемкемесі, 020000, Көкшетау қаласы Сәтпаев көшесі 1 үй, № 305 кабинет, анықтама телефоны                 8 (716-2) 90-31-22, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, 021700, Ақмола облысы Бурабай ауданы, Щучинск  қ., Едомский 23 к-сі,  жұмыс телефоны 8 (71636)2-32-55.

  1. Конкурс өткізу мерзімі және орны: конкурс 2020 жылғы «10» мамыр айында өткізіледі, 020000, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі 1 үй, № 305 каб.

         Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны өз қызметін Ақмола облысы әкімімшілікпен бекітілген Жарғы негізінде жүзеге асырады және еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандарды даярлаудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны болып табылады.

2.Конкурсқа қатысушалырға қойылатын талаптар:

Кәсіпорында байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың біреуінің болуын қамтиды:

1) білім беру саласында кемінде он жыл жұмыс тәжірибесі;

2) білім беру саласындағы басшылық жұмыс тәжірибесі (заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасарлары) кемінде бес жыл;

3) білім беру саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелікте болу

Кәсіпорынның Байқау кеңесінің мүшесі ретінде тұлға сайланбайды:

1) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

2) осы заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам заңды тұлғаның басшысы болған;

3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

4) Байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен жақын туыстық және сипат қатынастарындағы.

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді тапсыру мерзімі: Кандидат осы хабарландыруды жариялау мерзімімен бастап 30 күннің ішінде, өтінішіні келесі мекен-жай бойынша тапсырады: 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі 1 үй, № 305 каб.. 
  2. Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

  • мемлекеттік және орыс тіліндегі түйіндеме;
  • еркін түрде жазылған өмірбаян;
  • кандидат жеке куәлігінің көшірмесі; 
  • Жоғары білім туралы құжатының көшірмесі; 
  • Еңбек кітапшасының (бар болуы кезінде) немесе еңбек шарты немесе соңғы жұмыс орнынан жұмыстан босатылу және еңбек шартының аяқталуы туралы көшірме; 
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшесінен сотталмаған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық болмауын растатйтын құжат;

Конкурсқа қатысушы білімі, жұмыс тәджірибесі, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, оқу деңгейі және санаты, ғылыми мақала, алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдары) қатысты қосымша ақпаратты беруіне болады.

 Кандидат конкурс өтінімінің түпнұсқасын, «Түпнұсқа» белгісін белгілеп конвертке жапсырады. Ол конвертте кандитаттың тегі, аты, әкесінің аты және мекен-жайы жазылуы тиіс. Содан соң конверт сыртқы конвертке салынады.

Ішкі және сыртқы конверт:

  • «Ақмола облысы білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шақыру қағазы немес ақпаратта көрсетілген мекен-жайы бойынша жіберілуі тиіс;
  • «Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік мекеме байқау кеңесі мүшелерінің – байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы» және «2023 жылдың «10» мамыр сағат 11 - 00-ге дейін ашуға болмайды» сөздері.

Конкурстық өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данадан жіберіледі.

Дата публикации
14 апреля 2023