2020 жылғы қаңтар айы бойынша ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдары келесі мемлекеттік қызметтер бойынша қызмет көрсеткен:
- «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тексеру және оларға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету» - 407;
- «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» - 118;
- «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» - 6;
- «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» - 93;
- «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» – 88;
- «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру» – 9;.
- «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» - 35;
- «Техникалық және кәсiптік бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» - 24;
- «Техникалық және кәсiптік, орта оқудан кейінгі бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» - 0;
- «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» -22;
- «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» - 111;
- «Кемтар балаларға арнаулы түзеу ұйымдары мен басқа да ұйымдарға медициналық, арнаулы бiлiм және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алуы үшiн жолдама беру» - 103;
- «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» - 76;
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарын денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы қатыса алмайтын балаларды үйіне жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» - 2;
- «Балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау» - 2;
- «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» - 0;
- «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» - 0;
- «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» - 14;
- «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» - 23;
- «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» – 0;
- «Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау» - 0.
Барлығы – 1133 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінде бұзушылық жоқ.
Көрсетілген қызметтерге шағымдар жоқ.