2019-2020 оқу жылында облыста 576 мектеп жұмыс істеді, соның ішінде мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін 556 мектеп (373 шағын жинақты немесе 67%), кешкі – 9, арнайы түзету – 5, ведомстводан тыс – 2, мемлекеттік емес – 3, Назарбаев Зияткерлік Мектебі – 1. Жалпы контингент – 129 126 оқушы.
Мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептердегі контингент 127706 оқушыны құрады.
Биылғы оқу жылының 4-ші тоқсанында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Ақмола облысында 449 мектеп қашықтықтан, 107 мектеп дәстүрлі форматта оқуды аяқтады.
Орта мектепті 4515түлек аяқтады (2019 жылы – 4606 түлек), оның ішінде:
– мемлекеттік тілде – 2314;
– орыс тілінде – 2201.
«Алтын белгі» төсбелгісіне 297 түлек (2019 жылы – 242 түлек) және Үздік аттестатқа 187 түлек ие болды (2019 жылы – 174 түлек).
Соңғы 3 жылда «Алтын белгі» алған түлектердің үлесі 1,3% және Үздік аттестатқа аяқтаған түлектердің үлесі 1,4% артты
Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға 3718 түлек (82,3%) testcenter.kz сайты арқылы онлайн режимінде өтініш берді, соның ішінде:
- мемлекеттік тілде – 2124;
- орыс тілінде –1590;
- ағылшын тілінде –4.
Облыста Ұлттық бірыңғай тестілеу а.ж. 21-30 маусым аралығында ҰБТ-ді өткізудің 11 пунктінің базасында қатаң санитарлық ережелерді сақтай отырып, белгіленген мерзімде өтеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л. Тоғжановтың 2010 жылғы 28 мамырдағы селекторлық кеңесте берген хаттамалық тапсырмасын орындау барысында облыста короновирустық инфекция пандемиясымен байланысты ҰБТ-ді өткізуді ұйымдастыру санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, жүзеге асырылады
ҰБТ өтетін барлық пункттерде мед.пункттер жұмыс істейді, талапкерлердің термометриясы тепловизорлармен өлшенеді, дезинфекциялаушы тоннельдер, санитайзерлер орнатылады және маскалық режим қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, санитарлық нормаларды сақтай отырып, әлеуметтік қорғалмаған және күн көрісі төмен отбасылардан шыққан балаларды тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында, 873 түлек үшін 30 мектеп автобусы, 16 Газель, 38 жеңіл автокөлік жұмыс істейді.
Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады