«Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» № 57 бұйрығына сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекемелер (әрі қарай- КММ) басшыларының лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды. 1) «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Савинка ауылының негізгі орта білім беретін мектебі» КММ

КММ-нің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 021715, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Савинка ауылы, Школьная көшесі, 5 А үйі. Телефон: 8 (716 36) 94-7-51.

Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 213 343 теңгеден 251 667 теңге аралығында

2) «Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Ақсу ауылының негізгі орта білім беретін мектебі» КММ

КММ-нің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 020707,  Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Ақсу ауылы, Желтоқсан көшесі, 7 құрылыс.   Телефон: 8 (716 39) 3-02-53.

Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 213 342 тегеден  251 667  теңге аралығында

3) «Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал  ауданы бойынша білім бөлімі Степняк қаласының оқу-өндірістік комбинаты» КММ

КММ-нің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 020600,  Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, Симов Гирей көшесі, 24 құрылыс. Телефон: 8(716-39) 2-11-38

Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 179 531 теңгеден 211 895 теңге аралығында

4) «Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Қоғам ауылының Шәймерден Қосшығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

КММ-нің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 020707, Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Қоғам ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 1 құрылыс.   Телефон: 8 (716 39) 2-02-15.

Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 213 342 тегеден  251 667  теңге аралығында

5) «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ескенежал ауылының негізгі орта мектебі» КММ.

КММ-нің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 021231, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ескенежал ауылы, Достық көшесі, 5. Телефон: 8 (716-32)  53-0-32

Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 224 414 теңгеден 231 869 теңге аралығында

КММ-нің негізгі қызметі:  білім алушыларды жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің мүддесінде оқыту және тәрбиелеу болып табылады.

КММ басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар: 

жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл;

      және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;

      осы талаптың 2,3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

 

«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Еленовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.

КММ-нің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 021212, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Еленовка ауылы, Школьная көшесі, 17. Телефон: 8 (716-32)  38-6-31.

Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 224 414 теңгеден 264 869 теңге аралығында

«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

КММ-нің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі  020100, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы М.Маметова көшесі, 15. Телефон: 8 (716-38) 2-08-54

Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 158 874 теңгеден 192 631 теңге аралығында

КММ-нің негізгі қызметі:  білім алушыларды жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің мүддесінде оқыту және тәрбиелеу болып табылады.

КММ басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар: 

      жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, басшының орынбасары лауазымында немесе орта білім беру ұйымының басшысы лауазымында кемінде 2 жыл өтілі;

      немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы; не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.

      осы талаптың 2,3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл

КММ басшысының лауазымдық міндеттері:        білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына сәйкес және осы біліктілік сипаттамаларына сәйкес басқарады,      педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесіп мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттың іске асырылуын ұйымдастырады,      педагогикалық кеңесті басқарады,      мектепті дамыту бағдарламасын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, мектепішілік бақылау жоспарын, тәрбие жұмысының жоспарын бекітеді,      білім беру ұйымының ғылыми - әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді,      оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді,      заманауи ақпараттық технологияларды дамытуды қамтамасыз етеді,      қашықтан оқытуды өткізу процесін ұйымдастырады және бақылайды, барлық сыныптар үшін қашықтан оқытудың түзетілген оқу бағдарламасын және сабақ кестесін бекітеді,      педагогикалық ұйымдардың, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді,      білім беру қызметінің құқықтану лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді,      жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және өзге де) қорғайды, оларға туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдайды,      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларды ескере отырып, тәрбиеленушілер мен білім алушыларды ұстау және тұру жағдайларын қамтамасыз етеді,      оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды,      ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды,      ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді,       оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында оларды тамақпен, (мектеп міндеттемелері шеңберінде медициналық қызмет көрсетумен) қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты және бақылауды ұйымдастырады,      білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады,      Қамқоршылық кеңес пен ата-аналар қоғамдастығының алдында ұйымның қызметі туралы, оның ішінде қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады,      нормативтік талаптарға сәйкес есепке алуды, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, санитариялық-гигиеналық режимнің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуына жауап береді,       педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің штаттық кестесін және лауазымдық міндеттерін бекітеді, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды,     компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген,      педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады,      жоғары көрсеткіштері мен жетістіктері бар білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен педагогтерін көтермелеуге ұсынады,       педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады,      өз құзыреті шегінде мектептің басқа қызметкерлеріне жаза қолданады,      жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды ауыстыратын тұлғалармен), қамқоршылық кеңеспен жұмысты үйлестіреді,      мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді,      өзінің кәсіби дамуымен жұмыс істейді, оның ішінде менеджмент саласында,      білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді,      білім беру қызметтерінің сапасына жауап береді.

Басшы лауазымына конкурсқа қатысу үшiн кандидатқа ұсыну қажет:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7495 болып тіркелген) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);
3)кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
4)білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) біліктілік тестілеу сертификаты (бар болса);

10)білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
11) түйіндеме;

12) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7495 болып тіркелген) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі.

4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыға құжаттарды қайтарып беру үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысуға үміткер басқарма комиссиясының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін, наградалар туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалардың құжаттары конкурсты өткізу туралы  Ақмола облысының білім басқармасының ресми Интернет-ресурстарында, ресми әлеуметтік желі аккаунттарында жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні аяқталғанға дейін қабылданады.

Құжаттарды қабылдау келесі жолдармен жүзеге асырылады:

білім басқармасының кеңсесіне: Көкшетау қаласы,  Сәтпаев көшесі 1,  302 кабинет, 09.00-13.00 және 14.30-18.30.

     Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны:  8 (716-2) 90-31-08, электрондық мекен-жайы: konkurs.kadry@mail.ru

"Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

веб-портал "Электрондық үкімет".

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.

Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей кадр қызметін хабардар етеді.

Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Дата публикации
09 декабря 2022