«Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» № 57 бұйрығына сәйкес «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының «Балауса» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (әрі қарай- МКҚК) басшысының лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

МКҚК-нің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 021500 индексі, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 9-шағын аудан,  № 4 -ғимарат. Телефон:  8 (716 45) 6 13 80.

МКҚК-ның негізгі қызметі: жалпы білім беруді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыру.

Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 170 674 теңгеден 201 334 теңге аралығында

МКҚК басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар: 

жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы екі жыл, ауылдық жерде - үш жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы бір жыл;

      немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог – шебер біліктілігінің болуы; "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;

      осы талаптың 3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

      МКҚК басшысының лауазымдық міндеттері:        нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады,     педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады,    педагогикалық кеңеспен бірлесіп белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылайды,  "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 17669 болып тіркелген) (бұдан әрі – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) бұйрығына сәйкес "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығында көрсетілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы) іске асырылуын қамтамасыз етеді,      тәрбие-білім беру процесі кезінде ұйым тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды,       ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық - педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді,      ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды,      ұйымды басқару құрылымын айқындайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және өзге де мәселелерді шешеді,      тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді,      әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді,      тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, балаларға медициналық қызмет көрсету және тамақтануды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді,      мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен құралдарына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы  қаражатының  түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады,      оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және нығайтылуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша санитариялық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді,      жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) өзара байланысты жүзеге асырады,      педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді,      педагогтердің және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды,      ұйымның қызметі туралы есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Басшы лауазымына конкурсқа қатысу үшiн кандидатқа ұсыну қажет:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) біліктілік тестілеу сертификаты;

10) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

11) түйіндеме.

4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыға құжаттарды қайтарып беру үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысуға үміткер басқарма комиссиясының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін, наградалар туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалардың құжаттары конкурсты өткізу туралы  Ақмола облысының білім басқармасының ресми Интернет-ресурстарында, ресми әлеуметтік желі аккаунттарында жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні аяқталғанға дейін қабылданады.

Құжаттарды қабылдау келесі жолдармен жүзеге асырылады:

білім басқармасының кеңсесіне: Көкшетау қаласы,  Сәтпаев көшесі 1,  302 кабинет, 09.00-13.00 және 14.30-18.30.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны:  8 (716-2) 90-31-08, электрондық мекен-жайы: konkurs.kadry@mail.ru

"Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

веб-портал "Электрондық үкімет".

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.

Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей кадр қызметін хабардар етеді.

Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Дата публикации
20 сентября 2022