Назар аударыңыздар, байқау жарияланады! Назар аударыңыздар, байқау жарияланады! «Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылы, Ауыл шаруашылық колледжі» МКҚК мүліктік кешенін сенімгерлік басқаруға беру бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру

«Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1 БИН  950140000535, ИИК  KZ310705022610251001,  БИК  KKMFKZ2A, ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті ММ)  мемлекеттік-жекешелік серіктестік жобаларына жеке серіктестікті таңдау бойынша ашық конкурс  жариялайды.

Әлеуетті жеке әріптестерді техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға инвестициялау шарттарында конкурсқа қатысуға шақырады.

Жобаны іске асыру мерзімі мен кезеңдері: МЖӘ келісімінің мерзімі – сенімгерлік басқаруға беру 10 жыл(әрбір жоба бойынша).

Мемлекеттік органдардың қатысу нысандары:

-келісімнің қызмет ету мерзімінде мүліктік кешенін сенімгерлік басқаруға беру;

Жеке әріптесті анықтау ҚР «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы»  Заңының 31, 35 баптары негізінде екі кезеңді рәсімдерді қолданусыз ашық конкурс  өткізу  тәсілімен іске асырылады.

Конкурс өтініштерін ұсынудың соңғы мерзімі: 2022 жылғы 7 қазан сағат 18.00 дейін.

Конкурстық құжаттама мен толық ақпаратты  «Ақмола облысының білім басқармасы» ММ алуға болады.

Байланыс телефоны:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, 0200000, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1 А, «Ақмола облысының білім басқармасы» каб.103

тел: 8 7162 90 31 46.

Дата публикации
08 сентября 2022