«Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» № 57 бұйрығына сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекемелер (әрі қарай- КММ) басшыларының лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Белгород ауылының негізгі орта мектебі»  КММ

КММ мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 021403 индексі, Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Белгород ауылы, Целинная көшесі, 24. Телефон: 8 (716 40) 9 45 37.

2)            «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Богородка ауылының негізгі орта мектебі» КММ

КММ мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 021404 индексі, Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Богородка ауылы, Саябақ көшесі, 1.  Телефон: 8 (716 40) 9 54 90.

3)            «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Дорогинка ауылының негізгі орта мектебі» КММ

КММ мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 021408 индексі, Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Дорогинка ауылы, Александра Пушкин көшесі, 17. Телефон: 8 (716 40) 7 04 34.

КММ-нің негізгі қызметі: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта білім беретін бағдарламаларын іске асыру болып табылады.

КММ басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар: 

жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл;

      және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;

      осы талаптардың 2, 3 абзацтарындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты

165 000 теңгеден 229 000 теңге аралығында

Басшы лауазымына конкурсқа қатысу үшiн кандидатқа ұсыну қажет:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) біліктілік тестілеу сертификаты;

10) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

11) түйіндеме.

4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыға құжаттарды қайтарып беру үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысуға үміткер басқарма комиссиясының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін, наградалар туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалардың құжаттары конкурсты өткізу туралы  Ақмола облысының білім басқармасының ресми Интернет-ресурстарында, ресми әлеуметтік желі аккаунттарында жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні аяқталғанға дейін қабылданады.

Құжаттарды қабылдау келесі жолдармен жүзеге асырылады:

білім басқармасының кеңсесіне: Көкшетау қаласы,  Сәтпаев көшесі 1,  302 кабинет, 09.00-13.00 және 14.30-18.30.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны:  8 (716-2) 90-31-08, электрондық мекен-жайы: konkurs.kadry@mail.ru

"Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

веб-портал "Электрондық үкімет".

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.

Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей кадр қызметін хабардар етеді.

Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

 

Дата публикации
09 июня 2022