Ақмола облысының білім басқармасы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022 – 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс жариялайды.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін көрсетілетін қызметтерді алушылар 2022 жылғы 25 мамырдан бастап 31 мамырға дейінгі (сағат 18.30-ға дейін) мерзімде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға немесе «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшадағы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.