«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КММ мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 021100 индексі, Ақмола облысы, Державин қаласы, Школьный қиылысы, 1. Телефон: 8 (716 48) 9 19 41.
КММ-нің негізгі қызметі: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады.
КММ басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар:
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, басшының орынбасары лауазымында немесе орта білім беру ұйымының басшысы лауазымында кемінде 2 жыл өтілі;
немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы; не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.
осы талаптардың 2,3 -абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты
179 530 теңгеден 206 100 теңге аралығында
«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Пригородное ауылының Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КММ мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 021114 индексі, Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Пригородное ауылы, Рабочая көшесі 8 үй. Телефон: 8 (716 48) 7 11 02.
КММ-нің негізгі қызметі: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады.
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты
213 300 теңгеден 244 400 теңге аралығында
3) «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Уәлиханов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КММ мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 021119 индексі, Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Уәлиханов ауылы, Школьная көшесі, 2 үй. Телефон: 8 (716 48) 93 8 44.
КММ-нің негізгі қызметі: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады.
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты
300 теңгеден 244 400 теңге аралығында
4) «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Отрадный ауылының негізгі орта мектебі» КММ
КММ мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 021113 индексі, Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Отрадный ауылы, Сейфуллин көшесі, 23 үй. Телефон: 8 (716 48) 93 2 68.
КММ-нің негізгі қызметі: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады.
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты
213 300 теңгеден 244 400 теңге аралығында
5) «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тассуат ауылының негізгі орта мектебі» КММ
КММ мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 021117 индексі, Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Тассуат ауылы, Совет көшесі, 23. Телефон: 8 (716 48) 93 2 80.
КММ-нің негізгі қызметі: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады.
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты
213 300 теңгеден 244 400 теңге аралығында
6) «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кен ауылының негізгі орта мектебі» КММ
КММ мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 021108, Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Кен ауылы, Жастар көшесі, 5 үй. Телефон: 8 (716 48) 94 4 10.
КММ-нің негізгі қызметі: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады.
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты
213 300 теңгеден 244 400 теңге аралығында
7) «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Ұшқарасу ауылының негізгі орта мектебі» КММ
КММ мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 021120 индексі, Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Үшқарасу ауылы, Абай көшесі, 13 үй. Телефон: 8 (716 48) 98 5 01.
КММ-нің негізгі қызметі: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады.
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты
213 300 теңгеден 244 400 теңге аралығында
8) «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державин қаласының кешкі мектебі» КММ
КММ мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 021100 индексі, Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Северный қиылысы, 1.
КММ-нің негізгі қызметі: негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы міндетті стандартын, сондай-ақ қосымша білім беру бағдарламасын іске асыру.
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты
600 теңгеден 195 500 теңге аралығында
КММ басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар:
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл;
және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;
осы талаптардың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
КММ басшысының лауазымдық міндеттері:
білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына сәйкес және осы біліктілік сипаттамаларына сәйкес басқарады; педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесіп мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттың іске асырылуын ұйымдастырады; педагогикалық кеңесті басқарады; мектепті дамыту бағдарламасын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, мектепішілік бақылау жоспарын, тәрбие жұмысының жоспарын бекітеді; білім беру ұйымының ғылыми - әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді; оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді; заманауи ақпараттық технологияларды дамытуды қамтамасыз етеді; қашықтан оқытуды өткізу процесін ұйымдастырады және бақылайды, барлық сыныптар үшін қашықтан оқытудың түзетілген оқу бағдарламасын және сабақ кестесін бекітеді; педагогикалық ұйымдардың, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді; білім беру қызметінің құқықтану лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және өзге де) қорғайды, оларға туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдайды; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларды ескере отырып, тәрбиеленушілер мен білім алушыларды ұстау және тұру жағдайларын қамтамасыз етеді; оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды; ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды; ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді; оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында оларды тамақпен, (мектеп міндеттемелері шеңберінде медициналық қызмет көрсетумен) қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты және бақылауды ұйымдастырады; білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады; Қамқоршылық кеңес пен ата-аналар қоғамдастығының алдында ұйымның қызметі туралы, оның ішінде қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады; нормативтік талаптарға сәйкес есепке алуды, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, санитариялық-гигиеналық режимнің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуына жауап береді; педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің штаттық кестесін және лауазымдық міндеттерін бекітеді, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды; компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген; педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады; жоғары көрсеткіштері мен жетістіктері бар білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен педагогтерін көтермелеуге ұсынады; педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады; өз құзыреті шегінде мектептің басқа қызметкерлеріне жаза қолданады; жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды ауыстыратын тұлғалармен), қамқоршылық кеңеспен жұмысты үйлестіреді; мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді; өзінің кәсіби дамуымен жұмыс істейді, оның ішінде менеджмент саласында; білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді; білім беру қызметтерінің сапасына жауап береді.
9) «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК
МКҚК мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 021100 индексі, Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Пушкина көшесі, 36. Телефон: 8 (716 48) 9 17 01.
МКҚК -ның негізгі қызметі: балалардың тұлғалық және кәсіби тұрғыдан өзін-өзі айқындауын дамыту үшін, қабілеттерін жүзеге асыруға, қоғамдағы әлеуметтік өмірге бейімделуіне, өзінің азаматтық санасын қалыптастыруға, бос уақытын салауатты өмір салтына, жалпы мәдениетіне бағыттап мазмұнды өткізуіне жағдай жасау.
МКҚК басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар:
тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат, білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде білім беру жүйесінде үздіксіз жұмыс өтілі соңғы екі жыл, қосымша білім беру ұйымы басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл;
немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "басшының үшінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "басшының екінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "білім беру ұйымы" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы", "басшының бірінші біліктілік санатты орынбасары" біліктілік санатының болуы;
осы талаптардың 2,3- абзацтағы нормаларды қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
МКҚК басшысының лауазымдық міндеттері: білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымын ұйымның Жарғысына және өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарға сәйкес басқарады; мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру мен спортты дамыту саласында әлеуметтік, қосымша білім беру қызметтерін көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады; басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды; қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орындайды; білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде білім алушылар мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды; білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасайды; балалар мен ата-аналарды, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді; педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады; білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша жақын және алыс шет елдердегі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің қосымша білім беру ұйымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады; басқару құрылымын айқындайды, балаларға қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асырады; білім алушылар мен тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады; педагогтардың жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңестің және қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі; оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, санитариялық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді; педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды; жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді; есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді; барлық органдарда ұйымның мүддесін білдіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты
170 600 теңгеден 195 500 теңге аралығында
10) Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Костычево ауылының «Айгөлек» бөбекжайы» МКҚК
МКҚК мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 021109 индексі, Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Костычево ауылы, Мира көшесі, 1 үй. Телефон: 8 (716 48) 93 4 00.
МКҚК -ның негізгі қызметі: жалпы білім беруді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыру.
МКҚК басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы екі жыл, ауылдық жерде - үш жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы бір жыл;
немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог – шебер біліктілігінің болуы; "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;
осы талаптардың 3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
МКҚК басшысының лауазымдық міндеттері: нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады; педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады; педагогикалық кеңеспен бірлесіп белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылайды; "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 17669 болып тіркелген) (бұдан әрі – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) бұйрығына сәйкес "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығында көрсетілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы) іске асырылуын қамтамасыз етеді; тәрбие-білім беру процесі кезінде ұйым тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды; ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді; ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды; ұйымды басқару құрылымын айқындайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және өзге де мәселелерді шешеді; тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді; әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді; тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, балаларға медициналық қызмет көрсету және тамақтануды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен құралдарына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады; оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және нығайтылуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша санитариялық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді; жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) өзара байланысты жүзеге асырады; педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді; педагогтердің және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды; ұйымның қызметі туралы есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты
213 300 теңгеден 244 400 теңге аралығында
Басшы лауазымына конкурсқа қатысу үшiн кандидатқа ұсыну қажет:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) біліктілік тестілеу сертификаты;
10) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
11) түйіндеме.
4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.
Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыға құжаттарды қайтарып беру үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысуға үміткер басқарма комиссиясының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін, наградалар туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалардың құжаттары конкурсты өткізу туралы Ақмола облысының білім басқармасының ресми Интернет-ресурстарында, ресми әлеуметтік желі аккаунттарында жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні аяқталғанға дейін қабылданады.
Құжаттарды қабылдау келесі жолдармен жүзеге асырылады:
білім басқармасының кеңсесіне: Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі 1, 302 кабинет, 09.00-13.00 және 14.30-18.30.
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны: 8 (716-2) 90-31-08, электрондық мекен-жайы: konkurs.kadry@mail.ru
"Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
веб-портал "Электрондық үкімет".
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.
Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей кадр қызметін хабардар етеді.
Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.