«Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» № 57 бұйрығына сәйкес «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Айналайын» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (әрі қарай - МКҚК) басшысының лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

МКҚК-ның мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Вернадский көшесі, 46 үй. Телефоны: 8 (716-2) 50-27-26, 50-27-44.

МКҚК-ның негізгі қызметі: мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласында қызметті жүзеге асыру, мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде құрылған бағдарламалар мен оқу жоспарларына сәйкес баланың жас және жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып жеке тұлға қалыптастыру және дамыту болып табылады.

МКҚК басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар: 

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі және үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі 5 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда 2 жыл;

 оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы.

МКҚК басшысының лауазымдық міндеттері:  Нормативтік және құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқу және тәрбие беру ұйымының  қызметіне басшылық етеді. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады.  Оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп қағидаларының сақталуын бақылайды. Мектепке дейінгі оқу және тәрбие берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беретін бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, тәрбиелеу және оқыту үдерісі кезінде ұйымның тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігіне және денсаулығына қажетті жағдай жасайды. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін арнайы жағдайлар жасайды.Ұйымды басқарудың құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және өзге де сұрақтарды шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғауын қамтамасыз етеді. Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне қолдау көрсетеді. Балаларға медициналық қызмет көрсетілуіне және тамақтануын ұйымдастыруға, тәрбиеленушілердің  денсаулығын сақтауға және нығайтуға қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. Заңнамамен белгіленген тәртіпте мектепке дейінгі ұйымның қаражаты мен мүлігін басқарады, қаражаттың түсуі мен жұмсалуы туралы жылдық есебін беріп отырады.  Оқу-материалдық қордың  сақталуы мен нығайтылуын, есеп жүргізілуін қамтамасыз етеді, санитарлық-гигиеналық тәртіп ережелерінің, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен байланысты, ата-аналармен  (оларды ауыстыратын тұлғалармен) қарым-қатынасты жүзеге асырады.  Педагогикалық кадрлардың және қосалқы персоналдың таңдалуын және орналастырылуын іске асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді.  Педагогтердің және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлердің біліктілік санатын беруді (растауды) жүргізеді. Білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымда «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын енгізеді. Ұйым қызметі туралы қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 170 000 теңгеден 196 000 теңге аралығында

Басшы лауазымына конкурсқа қатысу үшiн кандидатқа ұсыну қажет:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) біліктілік тестілеу сертификаты;

10) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

11) түйіндеме.

4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыға құжаттарды қайтарып беру үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысуға үміткер басқарма комиссиясының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін, наградалар туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалардың құжаттары конкурсты өткізу туралы  Ақмола облысының білім басқармасының ресми Интернет-ресурстарында, ресми әлеуметтік желі аккаунттарында жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні аяқталғанға дейін қабылданады.

Құжаттарды қабылдау келесі жолдармен жүзеге асырылады:

білім басқармасының кеңсесіне: Көкшетау қаласы,  Сәтпаев көшесі 1,  302 кабинет, 09.00-13.00 және 14.30-18.30.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны:  8 (716-2) 90-31-09, электрондық мекен-жайы: konkurs.kadry@mail.ru

«Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

веб-портал «Электрондық үкімет».

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.

Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей кадр қызметін хабардар етеді.

Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Дата публикации
25 марта 2022