«Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» № 57 бұйрығына сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекемелер (әрі қарай- КММ) басшыларының лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Шалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің.

КММ мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 021802, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Шалқар ауылы, Ш. Иманбаева көшесі №2. Телефон: 8 (716 51) 3-92-96.

КММ негізгі қызметі: бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын іске асыру болып табылады.

 «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Раздольное ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің.

КММ мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 021801, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Нұресіл ауылдық округі, Раздольное ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 23/3. Телефон: 8 (716 51) 2-42-37.

КММ негізгі қызметі: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта білім берудің, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру болып табылады.

КММ басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар: 

тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе қайта даярлау курстарынан өткенін растайтын құжат;

педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес, оның ішінде білім беру ұйымында соңғы жұмыс өтілі;

оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша: сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілігінің болуы.

КММ басшысының лауазымдық міндеттері:  Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесіп Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын іске асыруды ұйымдастырады. Педагогикалық кеңесті басқарады. Мектептің даму жоспарын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу жұмыс жоспарларын, пән мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді.  Жұмыс жоспарын, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді. Білім беру ұйымының ғылыми - әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдардың, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді. Білім беру қызметінің Құқықтану лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқалар) қорғайды, олардың туыстық байланыстарын қолдау үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдайды. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларды ескере отырып, тәрбиеленушілер мен білім алушыларды бағу және тұру жағдайларын қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды. Ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оқу процесінде арнайы жағдайлар жасайды.  Оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында оларды тамақпен (мектеп міндеттемелері шеңберінде медициналық қызмет көрсетумен) қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты және бақылауды ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына билік етеді. Ұйымның қызметі туралы, оның ішінде Қамқоршылық кеңес пен ата-аналар қоғамдастығының алдында қаржы және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады. Нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалардың сақталуына жауап береді. Педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің штаттық кестесін және лауазымдық міндеттерін бекітеді, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады. Жоғары көрсеткіштері мен жетістіктері бар білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен педагогтерін көтермелеуге ұсынады. Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңестің ұсынымын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады. Өз құзыреті шегінде мектептің басқа қызметкерлеріне жаза қолданады. Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды ауыстыратын тұлғалармен), қамқоршылық кеңеспен жұмысты үйлестіреді.  Мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. Өзінің кәсіби дамуымен, соның ішінде менеджмент саласында жұмыс істейді. Білім беру процесінің барлық субъектілерінің қатысуымен,  соның ішінде балалар отбасыларымен ұйымда "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын енгізеді. Білім алушылар, тәрбиеленушілер,  педагогтер және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді. Білім беру қызметтерінің сапасына жауап береді.

Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты

218 452 теңгеден 264 868 теңге аралығында

Басшы лауазымына конкурсқа қатысу үшiн кандидатқа ұсыну қажет:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) біліктілік тестілеу сертификаты;

10) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

11) түйіндеме.

4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыға құжаттарды қайтарып беру үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысуға үміткер басқарма комиссиясының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін, наградалар туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалардың құжаттары Ақмола облысы білім басқармасының конкурсты өткізу туралы хабарландыруы ресми Интернет-ресурстарында, ресми әлеуметтік желі аккаунттарында жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні аяқталғанға дейін қабылданады.

Құжаттарды қабылдау келесі жолдармен жүзеге асырылады:

білім басқармасының кеңсесіне: Көкшетау қаласы,  Сәтпаев көшесі 1,  302 кабинет, 09.00-13.00 және 14.30-18.30.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны:  8 (716-2) 90-31-08, электрондық мекен-жайы: konkurs.kadry@mail.ru

"Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

веб-портал "Электрондық үкімет".

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.

Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей кадр қызметін хабардар етеді.

Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Дата публикации
02 февраля 2022