Жоспарланып отырған «Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылы, Ауыл шаруашылығы колледжі» МКҚК мүліктік кешенін сенімгерлік басқаруға беру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы туралы қызығушылық білдіруге сұрау салу.
«Ақмола облысының білім басқармасы» ММ Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылы, Ауыл шаруашылығы колледжі» МКҚК мүліктік кешенін сенімгерлік басқаруға беру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын дайындаудың басталғаны туралы хабарлайды және әлеуетті жекеше әріптестерді жоба тұжырымдамасын талқылауға шақырады.
Жобаның атауы: «Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылы, Ауыл шаруашылығы колледжі» МКҚК мүліктік кешенін сенімгерлік басқаруға беру».
Жобаның мақсаты: өңірдің еңбек нарығы үшін халықаралық стандарттар бойынша білікті кадрларды даярлау бойынша озық оқу орнын құру. Колледждің материалдық-техникалық базасын нығайту. Облыс кәсіпорындары үшін кадрларды мақсатты даярлау.
Жобаны іске асыру орны: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылы
МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі – 10 жыл, оның ішінде объектіні пайдалану кезеңі-10 жыл.
Жобаның құны: 1 086 531 мың теңге;
Осы жобаның артықшылықтары:
- мемлекет үшін «Ақмола облысының білім басқармасы» ММ атынан: ауыл шаруашылығы колледжінің материалдық-техникалық базасын жақсарту, халыққа техникалық және кәсіптік білім беру бойынша қызмет көрсету үшін жағдай жасау жолымен республикадағы білім беру саласының басым міндеттерін сапалы орындауды қамтамасыз ету;
- ауыл шаруашылығы колледжін сенімгерлік басқаруға алатын жекеше әріптес үшін: білім беру саласында қызмет көрсетуден кіріс алу;
- студенттер үшін: сапалы кәсіби білім алу мүмкіндігі, заманауи жабдықта жұмыс істеу дағдылары.
Жекеше әріптесті айқындау «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының 42-бабы негізінде конкурс өткізу тәсілімен жүзеге асырылады.
Жоба бойынша ұсыныстар 2022 жылғы «07» ақпан Нұр-Сұлтан қ. (Қазақстан Республикасы) уақыты бойынша сағат 12:00-ге дейінгі мерзімде қабылданады.
Жоспарланып отырған жоба туралы толығырақ ақпаратты «Ақмола облысының білім басқармасы» ММ-нен алуға болады.
Байланыс телефоны: 8 (7162) 90-31-22, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1 «б», эл. мекен-жайы: edu@akmo.kz