Назар аударыңыздар, байқау жарияланады! Мемлекеттік-жекешелік серіктестіктің жобасын іске асыру үшін Бұланды ауданы бойынша 4 мектеп асханаларын (Макинск қ. №1 ЖББМ, Макинск қ. №2 ЖББМ, Макинск қ. Б.Шолақ атындағы мектеп- лицейі, Макинск қ. мектеп-гимназиясы), Ақкөл ауданы бойынша 2 мектеп асханасы (Ақкөл қ. №1 ЖББМ, Ақкөл қ. №2 ЖББМ), Зеренді ауданы бойынша 2 мектеп асханасы (Зеренді с. №1 ЖББМ, Өркен а, ЖББМ) және Сандықтау ауданы бойынша мектеп асханасын (Балкашино с. №1 ЖББМ) сенімгерлік басқаруға беру

«Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1 БИН  950140000535, ИИК  KZ310705022610251001,  БИК  KKMFKZ2A, ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті ММ)  мемлекеттік-жекешелік серіктестік жобаларына жеке серіктестікті таңдау бойынша ашық конкурс  жариялайды.

Мектептін тамақтану ұйымдарын дамытуды инвестициялау жағдайында, әлеуетті жеке серіктестіктерді конкурсқа қатысуға шақырады.

Жобаны іске асыру мерзімі мен кезеңдері: МЖӘ келісімінің мерзімі – сенімгерлік басқаруға беру 10 жыл (әрбір жоба бойынша).

Мемлекеттік органдардың қатысу нысандары:

-келісімнің қызмет ету мерзімінде нысанды сенімгерлік басқаруға беру ;

Жеке әріптесті анықтау ҚР «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы»  Заңының 31, 35 баптары негізінде екі кезеңді рәсімдерді қолданусыз ашық конкурс  өткізу  тәсілімен іске асырылады.

Конкурс өтініштерін ұсынудың соңғы мерзімі: 2022 жылғы 19 қаңтардың 18.00 сағатына дейін.

Конкурстық құжаттама мен толық ақпаратты  «Ақмола облысының білім басқармасы» ММ алуға болады.

Байланыс телефоны:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, 0200000, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1 А, «Ақмола облысының білім басқармасы»

тел: 8 7162 90 31 46, 90 31 47.

Дата публикации
21 декабря 2021