1) Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Ерейментау қаласы, агротехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
МКҚК-ның мекенжайы: индекс 020800, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Үмбетей жырау көшесі, 16. Телефоны: 8 (716-33) 2-10-35.
2) Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Есіл қаласы, агротехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
МКҚК-ның мекенжайы: индекс 020900, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Жастар ш/а, 17 А. Телефоны: 8 (716-47) 2-12-42.
МКҚК-ның негізгі қызметі: білікті кадрларды, оның ішінде жұмысшыларды, орта буын мамандарын даярлауға бағытталған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру.
МКҚК басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; білім беру саласындағы педагогикалық жұмыс өтілі соңғы бес жылдан кем емес, оның ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе тиісті бейін бойынша кәсіпорындарда басшы лауазымдарындағы жұмыс өтілі бес жылдан кем болмауы тиіс; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы (педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының, мемлекеттік қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру жүйесінің әдіскерлерін, өндірістен өткен тұлғаларды қоспағанда).
МКҚК басшысының лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметке басшылық жасайды.Басқару құрылымын, штат кестесін, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді. Білім алушылардың контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істеу үшін қажетті жағдайды, қоғамдық тамақтануды, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды және олардың жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін арнайы жағдайлар жасайды. Жұмыс берушілермен және әлеуметтік серіктестермен жұмысты үйлестіреді. Материалдық-техникалық базаны қайта жабдықтауды және қайта құруды ұйымдастырады.
3) Ақмола облысы білім басқармасының «Нұр-Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған № 2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
КММ-нің мекенжайы: индекс 021500, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Нұр-Сұлтан қаласы, Затаевич көшесі, 14. Телефоны: 8 (717-2) 94-29-74.
КММ-нің негізгі қызметі: негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын және пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған бағдарламаларды іске асыру, элитарлық білім беруді қамтамасыз ету.
КММ-і басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, облыстық немесе республикалық, немесе халықаралық олимпиадалардың, орындаушылар конкурстарының және спорттық жарыстардың жүлдегерлерін және жеңімпаздарын дайындаған жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде басшының орынбасары лауазымындағы; педагогтың жоғары біліктілік санатының, педагог – зерттеуші немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).
КММ-і басшысының лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Педагогикалық кеңесті басқарады. Мектептің жұмыс жоспарын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, жұмыс оқу жоспарын, пән-мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады. Педагогикалық этика бойынша кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады. Өз құзыреті шегінде мектептің басқа да барлық қызметкерлеріне жаза қолданады.Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен), қорғаншылық кеңесімен жұмысты үйлестіреді.Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымдарына ұсынады, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген. Өзіндік кәсіби дамуын қолға алады, оның ішінде менеджмент саласында. Білім беру ұйымдарында «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді. Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады. Білім беру қызметін ұсыну сапасына жауап береді.
4) Ақмола облысы білім басқармасының «Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, № 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
КММ-нің мекенжайы: индекс 020800, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, М.Әуезов көшесі, 10. Телефоны: 8 (716-33) 2-35-32.
5) Ақмола облысы білім басқармасының «Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, № 16 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
КММ-нің мекенжайы: индекс 021000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Степная көшесі, 1 «а». Телефоны: 8 (716-35) 2-19-49.
6) Ақмола облысы білім басқармасының «Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, № 19 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
КММ-нің мекенжайы: индекс 020600, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Школьная көшесі, 11. Телефоны: 8 (716-42) 2-12-69.
КММ-нің негізгі қызметі: психологилық-медико-педагогикалық консультация қорытындысы негізінде балаларға психологиялық-педагогикалық түзету көмегін көрсету.
КММ-і басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар: «Арнайы білім» бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, Арнайы білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы кемінде бір жыл өтілі; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі кемінде бес жыл жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).
КММ-і басшысының лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің (бұдан әрі - ППТК) жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады. Арнайы ұйымның түрін, оқыту және тәрбиелеу нысанын анықтау және тексеру нәтижелерін талқылау кезінде консультацияның алқалы жұмысын ұйымдастырады, әдістемелік жұмысты жүзеге асырады, құжаттамаларды жүргізуге, ППТК арнайы оқу және медициналық жабдықтармен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалдармен жарақтандыруға жауапты болады. Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен, педагогтардың семинарларында, қайта даярлау курстарында немесе біліктілігін арттыру курстарында педагогтер арасында дефектологиялық білімді халық арасында тарату бойынша жұмысты ұйымдастырады; білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп балалардың аномальды дамуының алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық жұмысты ұйымдастырады. Балаларды тексерудің жоғары деңгейін, ППТК мамандарының сапалы жұмысын қамтамасыз етеді. Ұйымдастыруды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімін дамыту, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Оған бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді. Барлық органдарда ППТК мүдделерін білдіреді. Қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде оқу процесінің барлық субъектілерінің қатысуымен енгізеді. Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
Басшылардың лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен өтіліне қарай 171 120 теңгеден 207 553 теңгеге дейін.
Басшы лауазымына конкурсқа қатысу үшiн кандидатқа ұсыну қажет:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі (ЖОО-ның жеке үлгідегі құжаты);
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадр есебі бойынша жеке іс парағы және фото;
6) бұрынғы жұмыс орнынан болған жазалары мен көтермелеулері көрсетілген өндірістік мінездеме;
7) қолда бар біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелді) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
9) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
10) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
13) жетпіс екі сағаттан кем емес білім берудегі менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
14) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттар жұмыс орнындағы кадр қызметінің немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкерінің мөрімен расталады.
Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыға құжаттарды қайтарып беру үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысуға үміткер басқарма комиссиясының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін, наградалар туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалардың құжаттары конкурсты өткізу туралы Ақмола облысының білім басқармасының ресми сайтында жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні аяқталғанға дейін қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар білім басқармасының кеңсесіне төмендегі мекенжайға ұсынылуы тиіс: Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі 1, 302 кабинет, 09.00-13.00 және 14.30-18.30.
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары: 8 (716-2) 90-31-05, 90-31-08.