2021-2022 оқу жылында облыста 552 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 547 мемлекеттік меншік нысаны, 5 жеке меншік.
Облыста 552 жалпы білім беретін мектепте тамақтану ұйымдастырылған, оның ішінде 447 асханада, 97 буфетте және 8 термостық тамақтану.
Жалпыға міндетті білім беру қорының қаражаты есебінен әлеуметтік қорғалмаған, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 14599 оқушы, сондай-ақ облыстық бюджет қаражаты есебінен 15074 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды.
2021 жылға облыстық бюджеттен «Жаппай оқыту» қоры үшін 1328,4 млн.теңге (2,3%) сомасында қаржы қаражаты қарастырылды, сондай-ақ мәслихаттың күзгі сессиясында қосымша 526 млн. теңге бөлінді.
9 мектеп асханасын жалға алушылар байланыссыз төлемдерді қамтамасыз ету үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесін енгізді.
Асханалардың жай-күйін, тағамдарды дайындау сапасын күнделікті бақылауды барлық білім беру ұйымдарында құрылған мектеп бракераж комиссиялары жүзеге асырады. Комиссия құрамына ата-аналар қоғамының өкілдері енгізілді.
Облыста тамақтандыруды ұйымдастыруды бақылау бойынша 20 ведомствоаралық сараптамалық топ құрылды (аудандық және қалалық - 19, облыстық - 1).
Мектептегі тамақтану сапасын бақылау үшін мектептердің 269 ас блогында бейнебақылау камералары орнатылды.
Бүгінгі күні сенімгерлік басқаруда 34 мектеп асханасы бар.
Бұдан басқа, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде мектеп асханаларын сенімгерлік басқаруға беру бойынша жұмыс жалғасуда, 4 ауданның (Ақкөл-2, Бұланды – 4, Зеренді – 2, Сандықтау – 1) 9 мектеп асханасын сенімгерлік басқаруға беру бойынша конкурстық құжаттама әзірленді. Барлық сараптамалар жүргізілгеннен кейін конкурстық рәсімдерді жариялау жоспарлануда.
Ағымдағы жылы облыс мектептерін жаңғырту жұмыстары аяқталды. Мектеп асханаларын жаңғыртуға 100 млн. теңге жұмсалды.