Ақмола облысының білім басқармасы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 2-тармағындағы 8-1) тармақшасына, «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің № 122 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 13418 болып тіркелген) сәйкес, 2021-2022 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қажеттігін хабарлайды.
Қаулы жобасымен сілтемеге өту арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/list?categoryId=368