«Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» № 57 бұйрығына сәйкес«Ақмола облысы білім басқармасының Щучинск қаласының «Білім-инновация» ІТ лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – КММ) басшысының лауазымына тағайындау бойынша конкурс жариялайды

КММ-нің мекенжайы: индексі 021700, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Горный мөлтек ауданы, 28-құрылыс, тел: 8 (716-36) 2-11-45, 7-92-52.           

КММ-нің негізгі қызметі: тұратын жерін ұсына отырып, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды жүзеге асыратын және негізгі орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын және олардың негізінде әзірленген мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру.

КММ басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, облыстық немесе республикалық, немесе халықаралық олимпиадалардың, орындаушылар конкурстарының және спорттық жарыстардың жүлдегерлерін және жеңімпаздарын дайындаған жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде басшының орынбасары лауазымындағы; педагогтың жоғары біліктілік санатының, педагог – зерттеуші немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).

КММ басшысының лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басшылық жасайды. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады.  Педагогикалық кеңесті басқарады. Мектептің жұмыс жоспарын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, жұмыс оқу жоспарын, пән-мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді.Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен өтіліне қарай 175 532 теңгеден 212 862 теңгеге дейін.

Білуі қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының  «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Басшы лауазымына конкурсқа қатысу үшiн кандидаттың ұсынуы қажет:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі (ЖОО-ның жеке үлгідегі құжаты);

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадр есебі бойынша жеке іс парағы және фото;

6) бұрынғы жұмыс орнынан болған жазалары мен көтермелеулері көрсетілген өндірістік мінездеме;

7) қолда бар біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

10) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

11) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

12) жетпіс екі сағаттан кем емес білім берудегі менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

13) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда  көрсетілген құжаттар жұмыс орнындағы кадр қызметінің немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкерінің мөрімен расталады.

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыға құжаттарды қайтарып беру үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысуға үміткер басқарма комиссиясының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін, наградалар туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалардың құжаттары конкурсты өткізу туралы  Ақмола облысы білім басқармасының ресми сайтында  жарияланған күннен бастап  7 жұмыс күні аяқталғанға дейін қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар білім басқармасының кеңсесіне төмендегі мекенжайға ұсынылуы тиіс: Көкшетау қаласы,  Сәтпаев көшесі 1,  302 кабинет, 09.00-13.00 және 14.30-18.30 дейін, ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары:  8 (716-2) 903105, 903106, немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы.

Дата публикации
10 сентября 2021