«Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» № 57 бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

1) Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының басшысына (әрі қарай - МКҚК).

МКҚК-ның мекенжайы: индексі 021700, Қазақстан Республикасы,  Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск  қаласы, БАШТ мөлтек ауданы,  18. Телефон: 8 (716-36) 4-15-05.

МКҚК-ның негізгі қызметі: білікті кадрларды, оның ішінде қызметкерлерді, орта буын мамандарын жəне қолданбалы бакалаврларды даярлауға бағытталған техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру.

МКҚК басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар:  жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды  растайтын құжат; білім беру саласындағы педагогикалық жұмыс өтілі соңғы бес жылдан кем емес, оның ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе тиісті бейін бойынша кәсіпорындарда басшы лауазымдарындағы жұмыс өтілі бес жылдан кем болмауы тиіс; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы (педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының, мемлекеттік қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру жүйесінің әдіскерлерін, өндірістен өткен тұлғаларды қоспағанда).

МКҚК басшысының лауазымдық міндеттері:  Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметке басшылық жасайды. Басқару құрылымын, штат кестесін, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді. Білім алушылардың контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істеу үшін қажетті жағдайды, қоғамдық тамақтануды, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды және олардың жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін арнайы жағдайлар жасайды. Жұмыс берушілермен және әлеуметтік серіктестермен жұмысты үйлестіреді. Материалдық-техникалық базаны қайта жабдықтауды және қайта құруды ұйымдастырады.

2) Ақмола облысы білім басқармасының «Степногорск қаласы, облыстық «Жастар» жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімделу орталығы)» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысына (әрі қарай- КММ).

КММ-нің мекенжайы: индексі 021500, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Степногорск  қаласы,   6 шағын ауданы,  №13 ғимарат, тел: 8 (716-45) 5-55-51.

КММ-нің негізгі қызметі: Психоневрологиялық  аурулары бар адамдарды қоспағанда он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балалар ауылдарың тәрбиеленушілерін және балалар үйінің тәрбиеленушілерін, мектеп-интернаттары және жетім балалармен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты болып табылады.

КММ-і басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар:  тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе басқа да кәсіби педагогикалық білімі немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, білім беру ұйымдарында басшының орынбасары лауазымында 1 жылдан кем емес.

КММ-і басшысының лауазымдық міндеттері:  Білім беру ұйымына оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басшылық етеді. Білім беру ұйымының оқу-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін ұйымдастырады. Тәрбиеленушілердің әлеуметтік қорғауын, медициналық-психологиялық-педагогикалық оңалтуын және әлеуметтік бейімдеуін қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылар (тәрбиеленушілер) мен білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтау және нығайту қауіпсіздігі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. Кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне жеке психологиялық кеңес беруді ұйымдастыру арқылы өмірлік қиын жағдайды жеңуде әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетеді. Білім беру ұйымы тәрбиеленушілерінің заңды өкілі болып табылады. Тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек) қорғайды, туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Отбасына реинтеграциялау мақсатында тәрбиеленушілердің жақын туыстарын іздестіруді ұйымдастырады (биологиялық отбасымен қосылу). Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында оларды тамақпен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты және бақылауды ұйымдастырады. Заңнамада белгіленген тәртіпте білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатын басқарады, құрылтайшылардың қаржылық және материалдық түсімі мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті береді. Оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын нормативтік талаптарға сәйкес қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібінің, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасының сақталуына жауап береді. Педагог кадрлар мен қосалқы персоналды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, штат кестесі мен қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді, олардың кәсіби біліктілігін арттыру үшін жағдайлар жасайды. Педагогикалық кеңеске басшылық етеді. Белгіленген тәртіппен педагогтерге біліктілік санатын беруді (растауды) жүргізеді. Кәсіби жетістіктері бар білім беру ұйымдарының педагогтері мен басқа да қызметкерлерін көтермелеуге ұсынады, өз құзыреті шегінде жаза қолданады. Қоғаммен байланысты жүзеге асырады.

Басшылардың лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен өтіліне қарай 171 120 теңгеден 207 553 теңгеге дейін.

Басшы лауазымына Конкурсқа қатысу үшiн кандидатқа ұсыну қажет:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі (ЖОО-ның жеке үлгідегі құжаты);

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадр есебі бойынша жеке іс парағы және фото;

6) бұрынғы жұмыс орнынан болған жазалары мен көтермелеулері көрсетілген өндірістік мінездеме;

7) қолда бар біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелді) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

10) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

13) жетпіс екі сағаттан кем емес білім берудегі менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

14) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда  көрсетілген құжаттар жұмыс орнындағы кадр қызметінің немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкерінің мөрімен расталады.

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыға құжаттарды қайтарып беру үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысуға үміткер басқарма комиссиясының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін, наградалар туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалардың құжаттары конкурсты өткізу туралы  Ақмола облысының білім басқармасының ресми сайтында жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні аяқталғанға дейін қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар білім басқармасының кеңсесіне төмендегі мекенжайға ұсынылуы тиіс: Көкшетау қаласы,  Сәтпаев көшесі 1,  302 кабинет, 09.00-13.00 және 14.30-18.30.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары:  8 (716-2) 903105, 903111

Дата публикации
03 июля 2021