Хабарландыру

Ақмола облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, орта білім" (бұдан әрі – қағидалар) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс жариялайды.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін Мемлекеттік корпорация немесе "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды "Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа құжаттарды қабылдау" туралы Ереженің  3-қосымшасына сәйкес, қызмет көрсетушіге 2021 жылы 10 маусым сағат 18.30-ға дейінгі мерзімде ұсынады.

Анықтама телефондары: 8-716-2 (90-31-22, 90-31-23)

Дата публикации
31 мая 2021