«Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» № 57 бұйрығына сәйкес, коммуналдық мемлекеттік мекемелердің (бұдан әрі – КММ) басшыларын лауазымға тағайындау бойынша конкурс жариялайды

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақкөл қаласы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 1 балалар үйі» КММ.

КММ-нің мекенжайы: индексі 020100, Қазақстан Республикасы,  Ақмола облысы, Ақкөл қаласы, «Мектеп-интернат» шағын ауданы, тел: 8 (716-38) 2-50-87.

КММ-нің негізгі қызметі: жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу және күтіп-бағу, тәрбиеленушілерді әлеуметтік бейімдеуге және жан-жақты дамытуға бағытталған білім беру процесін жүзеге асыру, тәрбиелеудегі жеке тұлғаға бағытталған көзқарас, тәрбиеленушілердің саналы азаматтық ұстанымын, еңбекке дайындығын дамыту болып табылады.

Ақмола облысы білім басқармасының «Сандықтау ауылы, қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау облыстық орталығы» КММ.

КММ-нің мекенжайы: индексі 021423, Қазақстан Республикасы,  Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Сандықтау ауылы, Бәйтерек көшесі, 1, тел: 8 (716-40) 9-37-00.          

КММ-нің негізгі қызметі: қиын өмір жағдайындағы балаларға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсету болып табылады.

КММ басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды  растайтын құжат; білім беру саласындағы педагогикалық жұмыс өтілі соңғы бес жылдан кем емес, оның ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе тиісті бейін бойынша кәсіпорындарда басшы лауазымдарындағы жұмыс өтілі бес жылдан кем болмауы тиіс; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы (педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының, мемлекеттік қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру жүйесінің әдіскерлерін, өндірістен өткен тұлғаларды қоспағанда).

КММ басшысының лауазымдық міндеттері: білім беру ұйымының жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басшылық жасайды. Білім беру ұйымының оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін ұйымдастырады. Ұйымның ағымдағы және перспективалық қызметін жоспарлауды ұйымдастырады. Тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды, медициналық-психологиялық-педагогикалық оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді. Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік мәртебесін растау бойынша, сондай-ақ тәрбиеленушілерді отбасында одан әрі бейімделуге психологиялық даярлау бойынша жұмысты ұйымдастыру жолымен тәрбиеленушілерді отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа, асырап алатын отбасына) орналастыруды және беруді қамтамасыз етеді.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен өтіліне қарай 175 532 теңгеден 212 862 теңгеге дейін.

Білуі қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының  «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Басшы лауазымына конкурсқа қатысу үшiн кандидаттың ұсынуы қажет:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі (ЖОО-ның жеке үлгідегі құжаты);

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадр есебі бойынша жеке іс парағы және фото;

6) бұрынғы жұмыс орнынан болған жазалары мен көтермелеулері көрсетілген өндірістік мінездеме;

7) қолда бар біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

10) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

13) жетпіс екі сағаттан кем емес білім берудегі менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

14) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда  көрсетілген құжаттар жұмыс орнындағы кадр қызметінің немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкерінің мөрімен расталады.

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыға құжаттарды қайтарып беру үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысуға үміткер басқарма комиссиясының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін, наградалар туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалардың құжаттары конкурсты өткізу туралы  Ақмола облысы білім басқармасының ресми сайтында  жарияланған күннен бастап  7 жұмыс күні аяқталғанға дейін қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар білім басқармасының кеңсесіне төмендегі мекенжайға ұсынылуы тиіс: Көкшетау қаласы,  Сәтпаев көшесі 1,  302 кабинет, 09.00-13.00 және 14.30-18.30 дейін, ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары:  8 (716-2) 903105, 903106, немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы.

Дата публикации
22 января 2021