Жазғы кезеңде балалардың демалысы мен сауықтыруын тиімді ұйымдастыру мақсатында облыста 16 жазғы сауықтыру орталығы жұмыс істеді. Аталған орталықтардың барлығы білім беру және сауықтыру қызметін жүзеге асыруға тиісті лицензия алып, өз қызметін белгіленген талаптарға сәйкес жүргізді. Жазғы кезеңде барлығы 14 702 бала сауықтырылды. Ақмола облысында әлеуметтік осал санатқа жататын 10 962 бала қамтылды. Балалардың демалысын мазмұнды өткізуіне, сауықтыру шараларына қатысуына және бос уақытын тиімді ұйымдастыруына барлық қажетті жағдайлар жасалды.