Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту
Облыста мектепке дейінгі білім беретін 601 ұйым жұмыс істейді (2019 жылы — 610 мектепке дейінгі ұйым), оның ішінде 248 балабақша және 353 мектепке дейінгі шағын орталық (2019 жылы - 244 балабақша және 366 - шағын орталық), онда 1 жастан 6 жасқа дейінгі қамтылған балалардың жалпы саны – 32639 бала (2019 жылы – 34562 бала).
1 жастан 6 жасқа дейін балаларды тәрбие және оқытумен қамту 77,4% құрайды, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі 100%.
Жалпы орта бiлiм беру
Облыста 571 мектеп бар (2019-2020 оқу жылында — 579), оның ішінде 551 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп (2019-2020 оқу жылында — 556), 9 кешкі, 5 арнайы түзету, 2 ведомстводан тыс, 3 мемлекеттік емес, 1 Назарбаев Зияткерлік мектебі. 2020-2021 оқу жылында оқушылар контингенті 130131 оқушыны құрады (2019-2020 оқу жылында – 129126), оның ішінде күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде 129400 оқушы (2019-2010 оқу жылында — 126012 оқушы).
Оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 63,9% құрады (2019 ж. — 61,7%).
4515 түлектің ішінен 297 түлек «Алтын белгі» төсбелгісіне (2019 жылы – 242 түлек), 187 түлек үздік аттестатқа (2019 жылы – 174 түлек) ие болды
Материалдық-техникалық базаны нығайту және қалыптастыру
Жаңа модификациялық кабинеттермен қамтамасыз ету 51,4% құрады (2019 жылы — 51%), барлығы1022 кабинет қамтылды.
Алдағы оқу жылына аудандар мен қалалардың бюджеттерінде оқулықтар мен ОӘК-ді сатып алуға және жеткізуге 946,0 млн.теңге қарастырылды.
2020 жылы 25 білім беру объектісін салуға және реконструкциялауға облыстық бюджет қаражатынан және Үкімет резервінен 15 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде:
Құрылыс:
- 4312 орынға 10 мектеп (Целиноград ауданының Қосшы және Қоянды ауылдарында 1200 орыннан, Максимовка және Қажымұқан ауылдарында 300 орыннан (аяқталды), Қарамеңді батыр және Өтеміс ауылдарында 120 орыннан, Раздольное ауылында 80 орын; Аршалы ауданының Жібек жолы және Жалтыркөл ауылдарында 300 орыннан, Көкшетау қаласында оқу-тәрбие кешені (ОТК) 392 орын);
- Көкшетау қаласының мектептеріне 1680 орынға 4 қосымша оқу ғимараты (№ 1 ОМГ-на 600 орын, № 4 ОМГ-на 360 орын, № 6 ОМЛ-не 300 орын, №13 ЭМГ-на 420 орын);
- 980 орынды 4 балабақша (Шортанды ауданының Төңкеріс ауылында 140 орын; Целиноград ауданының Қараөткел ауылында 280 орын және Қосшы ауылында 280 орын, Көкшетау қаласында сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған балабақша 280 орын);
- Зеренді ауданының Симферополь ауылындағы мектептің спорт залына қосымша ғимарат;
- 1 студенттік жатақхана;
- Көкшетау қ. «Bolashaq saraiy»;
Реконструкциялау:
- Бұланды ауданы Алтынды ауылының Алтынды ОМ қазандықтың құрылысы мен С блогы және (аяқталды);
- Сандықтау ауданы Сандықтау ауылындағы қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығының ғимараты (аяқталды);
- Бурабай ауданы Қызылағаш ауылының Абылай хан атындағы (аяқталды) орта мектептің шатыры (біріктірілген шатырды ауыстыру);
- Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқу ғимаратының шатырын орнату(аяқталды).
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім
Облыстың ТжКБ ұйымдарының желісін 32 оқу орны құрайды, онда жалпы білім алушылар контингенті 21,3 мың адамнан асады. 32 колледжден: 26 — мемлекеттік және 6 — жекеменшік колледж.
Оқыту ауыл және орман шаруашылығы, құрылыс және коммуналдық шаруашылық, педагогика, медицина, тау-кен ісі, қызмет көрсету саласы, өнер және мәдениет мамандықтары, энергетика, машина жасау технологиясы, көлікті пайдалану және т.б. сияқты бейіндердің 94 кәсібі (мамандығы) және 139 біліктілік бойынша жүргізіледі. Мамандарды даярлау облыс өңірлерін индустриялық-инновациялық дамыту жобалары үшін басым бағыт болып табылады.
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамт және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында ағымдағы жылы 24 оқу орталығы анықталды, оның ішінде 16 колледж қысқа мерзімді оқытуды ұйымдастыру үшін «Атамекен» ӨКП-ның тізіліміне енгізілді. Жұмысқа орналасу үлесі бойынша таңдау кемінде 60% жүзеге асырылды.
2020-2021 оқу жылына арналған өңірлік комиссия «Еңбек» бағдарламасының аясында 1190 оқушыны оқуға қабылдау үшін 19 колледждің тізбесін бекітті.
Конкурстық комиссия техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2020-2021 оқу жылына 4764 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырды.
Техникалық, технологиялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша дуалды жүйені енгізген колледждер саны соңғы жылдары облыста 27 колледжге дейін ұлғайды. Дуальды оқыту формасымен 36 мамандық және 64 біліктілік бойынша 3 мыңнан астам студент қамтылған. Облыстың 486 кәсіпорнымен үш жақты келісім шарт жасалды.
Өңірде «WorldSkills Kazakhstan» қозғалысы белсенді қарқынмен дамуда. 2015 жылдан бастап облыс командасы 19 алтын, 8 күміс, 15 қола, 13 медальонды жеңіп алды; Бразилияда (2015), Араб әмірліктерінде (2017), Венгрияда (2018), Ресей Федерациясында (2017, 2019) өткен халықаралық чемпионаттарда ұлттық құрама құрамында біздің елімізді таныстырды.
2019 жылғы 11-15 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен V Республикалық «WorldSkills Kazakhstan-2019» кәсіби шеберлік конкурсына Ақмола облысы 31 негізгі және 2 көрсету құзыреттілігі бойынша қатысты. Ұлттық чемпионаттың қорытындысы бойынша Ақмола облысы: 4 алтын, 4 күміс, 2 қола және 6 медальон жеңіп алды. Осылайша, Ақмола облысының өңірлік құрамасы «WorldSkills Kazakhstan 2019» V Республикалық кәсіби шеберлік конкурсында жалпыкомандалық 2 орынға ие болды.
Тәрбие жұмысы және балалық шақты әлеуметтік қорғау
Облыста 1631 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар, оның ішінде:
- 191 бала жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында;
- 28 бала денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында;
- 1412 бала асырап алынған отбасыларда, қамқоршылықта және патронаттық тәрбиеде.
Облыста 84 қосымша білім беру ұйымы, соның ішінде Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс істейді, Балаларды қосымша біліммен қамту 78016 баланы немесе 59,9% құрайды. Сонымен қатар, спорт секцияларына 41141 оқушы қатысады, бұл 31,6% құрайды.
Кадр жұмыстары туралы
Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінде 15409 педагог жұмыс істейді, оның ішінде 12892 педагог (83,6%) жоғары білімді, 2517 педагог (16,3%) техникалық және кәсіптік, орта білімді.
Жаңа жүйе бойынша 7640 педагог аттестаттаудан өтті (анықтама: педагог-модератор – 2209 (қосымша ақы 30% құрайды), педагог-сарапшы – 3314 (қосымша ақы 35% құрайды), педагог-зерттеуші – 2069 (қосымша ақы 40% құрайды) және педагог-шебер 48 (қосымша ақы 50% құрайды).