Ереже

Акмола облысы әкімдігінің

2025 жылғы 12 желтоқсандағы

№А-12/649 қаулысына                                                                                                                         қосымша

Акмола облысы әкімдігінің

2016 жылғы 13 маусымдағы

№ А-7/271 қаулысымен                             

бекітілді

«Ақмола облысының білім басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

1.«Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Білім басқармасы) Ақмола облысының білім саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

  1. Білім басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдары, есеп беретін және бақылауындағы мемлекеттік мекемелері бар.
  2. Білім басқармасы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Білім басқармасы мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. Білім басқармасы азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. Білім басқармасы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. Білім басқармасы өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен білім басқармасы басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. Білім басқармасының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  8. Білім басқармасының орналасқан жері:

 Индексі 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі, 1.

  1. Осы ереже Білім басқармасының құрылтай құжаты болып табылады.
  2. Білім басқармасының қызметін қаржыландыру жергілікті (облыстық) бюджеттен жүзеге асырылады.
  3. Білім басқармасына кәсіпкерлік субъектілерімен білім басқармасының өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер білім басқармасына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. «Ақмола облысының білім басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері

  1. Міндеттері:

1) ұлттық және жалпы адами құндылықтарының, ғылым мен тәжірибе жетістіктерінің негізінде тұлғаның қалыптасуына, дамуына және кәсіби қалыптасуына бағытталған сапалы білім алуға қажетті жағдай жасау;

2) оқушылардың кәсіби уәждемесін қамтамасыз ету;

3) мектепке дейінгі тәрбие, оқыту және мектепте білім беруде сапалы қызмет көрсетуді арттыру;

4) педагогикалық кадрлардың кәсіби шеберліктерін және мұғалім мамандығының беделін арттыру;

5) оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда және шығармашылық қабілеттерін дамытуға қолдау көрсету;

6) техникалық және кәсіби білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

7) даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу кезеңінде білім беру қызметтеріне қолжетімдік жағдайларын жақсарту;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балалардың барлық санаттарының құқықтарын жүзеге асыруға байланысты кешенді шараларды іске асыруда ведомствоаралық серіктестікті жергілікті деңгейде үйлестіру.

  1. Өкілеттіктері:

Құқықтары:

Білім басқармасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, жеке тұлғалардан қажетті ақпарат пен құжаттарды сұрату және алу;

ведомствоға бағынысты ұйымдарды және есеп беретін және бақылауындағы мемлекеттік мекемелерді құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойынша ұсыныстар енгізу;

өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтар.

Міндеттері:

Қазақстан Республикасының заңнамасын, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындау;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де міндеттер.

  1. Функциялары:
  • тиісті облыс аумағында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
  • ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органымен және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім бөлімдерінің бірінші басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасында, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ведомствоға бағынысты мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
  • облыс аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерін әкімшілендіру және қаржыландыру функцияларын орындайды;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз етеді;
  • балаларды арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді;
  • мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз етеді;
  • облыс аумағында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі, орта, жалпы орта, сондай-ақ қосымша білім беруді ұйымдастырады және оған жауапты болады;
  • білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, облыстың жергілікті атқарушы органдарына білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің ұсынуы бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, мамандандырылған жалпы білім білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беруді іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді;
  • аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімінің ұсынысы бойынша қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін, сондай-ақ ата-ананың ақы төлеу мөлшерін облыстың жергілікті атқарушы органдарының бекітуіне енгізеді;
  • мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын облыстың жергілікті атқарушы органдарының бекітуіне енгізеді;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын облыстың жергілікті атқарушы органдарының бекітуіне енгізеді;
  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын облыстың жергілікті атқарушы органдарының бекітуіне енгізеді;
  • мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;
  • білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
  • облыстың білім беру саласындағы кадр саясатын іске асырады, сондай-ақ педагогтерді аттестаттауды, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау үшін тестілеуді өткізеді және ұйымдастырады;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
  • жыл сайын 1 тамызға дейін мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі, орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім беру органдары оқу жылына болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;
  • орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарының жалпы білімі беретін пәндері бойынша облыстық мектеп олимпидаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ балалар мен педагогтар арасында олимпиадалар мен конкурстар өткізуді ұйымдастырады;
  • облыстық деңгейлерде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
  • бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
  • балалар мен жасөспірімдерді зерттеп-қарауды және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді үйлестіреді және қамтамасыз етеді;
  • дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;
  • жетім балалар мен ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін жетім балаларды, сондай-ақ ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
  • берілген өтінімдерге сәйкес кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, ауылдық жердің кадрлар қажетсінуі туралы өтінімді білім беру саласындағы уәкілетті органдарға жыл сайын 15-ші сәуірге дейін ұсынады;
  • облыс мәслихатына білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы жергілікті атқарушы орган арқылы ұсыныс енгізеді;
  • білім беру мониторингін жүзеге асырады;
  • жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінде статистикалық байқаулар деректерін жинауды қамтамасыз етеді;
  • кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
  • кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарындағы адамдарға жағдай жасайды;
  • облыстың білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестердің жұмысына жәрдем көрсетеді;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ведомствоға бағынысты мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарын тамақтандыруды ұйымдастырады;
  • ведомствоға бағынысты мемлекеттік білім беру ұйымдарының тарификациялық тізімдерін, штат кестесін, жұмыс оқу жоспарларын, сондай –ақ сынып-жинақтардың, олардағы топтардың санын келіседі;
  • облыстың мемлекеттік білім беру ұйымдарын кадрмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстық білім басқармасының ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
  • конкурстардың өткізілуін қамтамасыз етеді, конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын төлеуді ұйымдастырады;
  • негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
  • облыстық әдістемелік орталықтың материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
  • білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекітеді;
  • дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
  • конкурстардың өткізілуін қамтамасыз етеді, конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына «Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым» грантын төлеуді ұйымдастырады;
  • облыстың білім беру ұйымдарында ерекше білім беруіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) білім алу үшін арнайы жағдайлар жасайды;
  • білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді және үйлестіреді;
  • облыстың коммуналдық қазыналық білім беру кәсіпорындары өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекітеді;
  • облыстың жергілікті атқарушы органына мемлекеттік қызметшілердің, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім бөлімдерінің штат санын бекіту туралы ұсыныстар енгізеді;
  • аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің: басшының орынбасарының, бас бухгалтердің және әдістемелік кабинетті меңгерушінің жекелеген лауазымдарын (азаматтық қызметшілерін) тағайындауға келісім береді;
  • ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі басшысының ұсынуы бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімінің құрылымын келіседі;
  • білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша облыстың білім беруді басқару құрылымын бекітеді;
  • ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімдерінің бірінші басшыларын және мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тәртіптік жауаптылыққа тартады;
  • неғұрлым ерекшеленген білім беру қызметкерлерін көтермелейді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік және ведомстволық наградалармен, жергілікті атқарушы органның ерекшелік белгілерімен марапаттауға, құрметті атақтар беруге кандидатураларды ұсынады;
  • білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелетін және оларға қайшы келмейтін өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

  1. Білім басқармасына басшылықты білім басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. Білім басқармасының бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  3. Білім басқармасының бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  4. Білім басқармасының бірінші басшысының өкілеттігі:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім басқармасының қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, есеп беретін және бақылауындағы мемлекеттік мекемелердің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік ұйымдарда білім басқармасының атынан өкілдік етеді;

3) Білім басқармасының құқықтық актілеріне қол қояды;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте білім басқармасының қызметкерлеріне және ведомствоға бағынысты ұйымдардың, есеп беретін және бақылауындағы мемлекеттік мекемелердің басшыларына көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

5) Білім басқармасы қызметкерлерінің, сондай-ақ есеп беретін және бақылауындағы мемлекеттік мекемелердің ведомствоға бағынысты ұйымдары басшыларының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

6) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қолданады және оған жеке жауап береді;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Білім басқармасының бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

  1. Білім басқармасының бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

  1. Білім басқармасының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Білім басқармасының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Білім басқармасына бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, білім басқармасының өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

  1. Білім басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Білім басқармасының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

  1. «Ақмола облысы білім басқармасының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  2. Ақмола облысы білім басқармасының «Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылы «Балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  3. «Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы жыл бойы балалар сауықтыру лагері» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  4. Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  5. Ақмола облысы білім басқармасының «Атбасар қаласы, № 2 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  6. Ақмола облысы білім басқармасының «Степногорск қаласы, № 3 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  7. Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қаласы, № 4 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  8. Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  9. «Ақмола облысы білім басқармасының Щучинск қаласының «Білім-инновация» ІТ лицей-интернаты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  10. Ақмола облысы білім басқармасының «Астана қаласының       № 2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  11. Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қаласы Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  12. Ақмола облысы білім басқармасының «Cтепногорск қаласы № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп–лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  13. Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  14. «Атбасар қаласы, № 1 ауданаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  15. Ақмола облысы білім басқармасының «Степногорск қаласы, № 2 ауданаралық психологиялық - медициналық - педагогикалық кеңесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  16. Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қаласы, ауданаралық психологиялық - медициналық - педагогикалық кеңесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  17. Ақмола облысы білім басқармасының «Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, № 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  18. Ақмола облысы білім басқармасының «Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, № 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  19. Ақмола облысы білім басқармасының «Есіл ауданы, Есіл қаласы, № 3 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  20. Ақмола облысы білім басқармасының «Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, № 4 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  21. Ақмола облысы білім басқармасының «Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  22. Ақмола облысы білім басқармасының «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, № 6 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  23. Ақмола облысы білім басқармасының «Жарқайың ауданы, Державинск қаласы, № 7 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  24. Ақмола облысы білім басқармасының «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, № 8 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  25. Ақмола облысы білім басқармасының «Бұланды ауданы, Макинск қаласы, № 9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  26. Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қаласы, № 10 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  27. Ақмола облысы білім басқармасының «Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, № 11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  28. Ақмола облысы білім басқармасының «Сандықтау ауданы, Балкашин ауылы, № 12 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  29. Ақмола облысы білім басқармасының «Аршалы ауданы, Аршалы ауылы, № 13 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  30. Ақмола облысы білім басқармасының «Шортанды ауданы, Шортанды ауылы, № 14 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  31. Ақмола облысы білім басқармасының «Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, № 15 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  32. Ақмола облысы білім басқармасының «Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, № 16 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  33. Ақмола облысы білім басқармасының «Степногорск қаласы, № 17 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  34. Ақмола облысы білім басқармасының «Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, № 18 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  35. Ақмола облысы білім басқармасының «Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, № 19 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  36. «Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласының № 20 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  37. «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласының № 21 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  38. Ақмола облысы білім басқармасының «Жұлдыз» санаторлық типтегі облыстық орта мектеп интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  39. Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  40. «Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  41. Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  42. «Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне;
  43. «Ақмола облысы білім басқармасының қаржы орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  44. «Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  45. «Ақмола облысы білім басқармасының күндізгі және тәулік бойы болатын аутизмі (аутистік спектрінің бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  46. «Ақмола облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  47. «Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы жоғары аграрлық-технологиялық колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
  48. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
  49. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
  50. «Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы ветеринария және биотехнология жоғары колледж» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
  51. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
  52. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
  53. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
  54. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
  55. «Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Степногорск қаласының жоғары колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
  56. «Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы көпсалалы инновациялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
  57. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Агробизнес және сервис колледжі» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;
  58. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Есіл қаласы, агротехникалық колледжі» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;
  59. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Ерейментау қаласы, агротехникалық колледжі» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;
  60. «Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Жаңаесіл ауылының индустриялық технологиялар және сервис колледжі» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;
  61. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Ақкөл қаласы, агротехникалық колледжі» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;
  62. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, құрылыс-технологиялық колледжі» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;
  63. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Аршалы кенті, агротехникалық колледжі» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;
  64. «Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
  65. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Воlashaq saraiy» шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны.

Білім басқармасының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

  1. «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  2. «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  3. «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  4. «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  5. «Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  6. «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  7. «Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  8. «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  9. «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  10. «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  11. «Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  12. «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  13. «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  14. «Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  15. «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  16. «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  17. «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  18. «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  19. «Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  20. «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Дата публикации
12 мая 2026