
Ақмола облысында инклюзивті білім беруді жүйелі негізде енгізу ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру басталған сәттен басталды.
2014 жылдан бастап облыста Үйлестіру кеңесі жұмыс істейді, ол Облыстың білім басқармасы жанындағы алқалы-кеңесші орган болып табылады, оның негізгі міндеті инклюзивті білім беруді енгізуге тартылған немесе мүдделі барлық құрылымдардың күш-жігерін біріктіру, білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары, білім беру ұйымдары үшін инклюзивті білім берудің жай-күйін жақсарту және дамыту бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып айқындалған.
Инклюзивті білім беруді дамытуда Облыстың білім беру жүйесіндегі арнайы ұйымдар желісі үлкен рөл атқарады:
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған 5 арнайы мектеп-интернат;
- 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (ПМПК);
-20 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК);
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Ақмола облысында алғаш рет Көкшетау қаласы, Сарыарқа шағынауданында орналасқан ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған "Аяла" арнайы балабақшасы ашылды. Жобалық сыйымдылығы: 166 орын. Топтар саны: 12.
Оқыту және тәрбиелеу мемлекеттік және орыс тілдерінде. Балалар балабақшаға тегін негізде барады.
2020 – 2025 жылдарға арналған "Инклюзивті білім беруді қолдаудың ресурстық кабинеттерінің желісін кеңейту" жоспарына сәйкес, 2024 жылы облыстың барлық аудандары мен қалаларында 375,0 млн. теңге сомасына инклюзивті білім беруді қолдаудың 30 кабинетін ашу жоспарлануда (Анықтама: 2020 ж.-3; 2021 ж. - 8, 2022 ж. - 6, 2023 ж. - 29, 2024 - 30, 2025 - 30).
Бүгінгі таңда облыста инклюзивті білім беруді қолдаудың 70-тен астам кабинеті жұмыс істейді.