
Туған жері: Ақмола облысы Щучье ауданы Қызылағаш селосы
Әйгерім Қошанова Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін тәмамдаған.
Білім беру саласындағы еңбек жолын 2008 жылы Зеренді ауданының Ортаағаш орта мектебінде химия және биология пәндерінің мұғалімі болып бастаған.
Әр жылдары Көкшетау қаласындағы №17 мектеп-гимназиясында химия пәнінің мұғалімі, №13 экологиялық мектеп-гимназиясында биология және химия пәндерінің мұғалімі, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы IT-лицейде оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметтерін атқарған.
2021-2024 жылдары Көкшетау қаласындағы Әл-Фараби атындағы IT-лицейдің директоры болды. 2024-2025 жылдары Көкшетау қаласындағы №20 мектеп-гимназия директорының міндетін атқарып, кейін директор қызметін атқарды.
Ақмола облысының білім басқармасының басшысы болып тағайындалғанға дейін Әйгерім Қошанова Ақмола облысының білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы қызметін атқарды.