Департаментом Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Акмолинской области в целях разъяснения норм действующего законодательства в сфере государственной службы подготовлены информационные видеоролики.
Ссылка: https://drive.google.com/drive/folders/1Ww08ks79P-W9o4Ux3bv-Y_6ArVQQ7EVJ?usp=sharing
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнаманың ережелеріне қатысты мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік қызметке түскісі келетін азаматтар тарапынан жиі туындайтын сұрақтарға жауап беру мақсатында ақпараттық бейнероликтер әзірленді.
Сілтемесі: https://drive.google.com/drive/folders/1Ww08ks79P-W9o4Ux3bv-Y_6ArVQQ7EVJ?usp=sharing
Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында жаңа Конституцияның күшіне енуіне арналған жиналыс өтті.
Жиналысты аша отырып, басқарма басшысының міндетін атқарушы А. Ібікенов 2026 жылғы 1 шілдеден бастап 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конститутуциясы күшіне енетінін атап өтті.
Жиналыс барысында ұжым қызметкерлеріне елдің негізгі Заңына енгізілген тұжырымдамалық өзгерістер, олардың мемлекеттің одан әрі дамуы, әділеттілік қағидаттарын нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік институттардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырудағы маңызы түсіндірілді.
Сондай-ақ, қоғаммен кең көлемде диалог жүргізудің және азаматтарды негізгі Заңдағы негізгі өзгерістер туралы жан-жақты ақпараттандырудың маңыздылығы атап өтілді.
II Халықаралық "Заң мен тәртіп" фотобайқауы басталды
Байқауға кәсіби және әуесқой фотографтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан мен шетелдің шығармашылық өкілдері қатыса алады.
Конкурсқа арналған жұмыстар төмендегі үш номинация бойынша қабылданады:
🔹1. "Заң мен тәртіп — қауіпсіз балалық шақтың кепілі"
🔹2. "Цифрлық қауіпсіздік: қоғам тыныштығын күзететін заманауи технологиялар"
🔹3. "Таза Қазақстан: тәртіп тазалықтан басталады"
📅 Жұмыстарды қабылдау 2026 жылғы 10 маусымға дейін жалғасады.
✉️ Жұмыстар электрондық пошта арқылы қабылданады: Polisia.kz@bk.ru
📌 Қатысу талаптары:
✔️ Бір қатысушыдан 3 фотосуретке дейін қабылданады;
✔️ Жұмыстар JPEG форматында қабылданады;
✔️ Сапасы кемінде 5 MP, 300 dpi болу керек;
✔️ Әр фотосуретке тиісті номинация көрсетілген қысқаша сипаттама қоса берілуі қажет.
🏆 Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
#ЗаңменТәртіп #Фотобайқау #ТазаҚазақстан
https://t.me/POLICE_of_KZ/17113
Құрметті әріптестер! Қаржы саласының қызметкерлері! Сіздерді бүгінгі Қазақстан Республикасы Ұлттық валюта күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз!
Бұл күні біз ұлттық валютаның маңыздылығын ғана емес, оның экономиканың тұрақтылығындағы, бизнесті дамытудағы және еліміздің әрбір азаматының өмірін жақсартудағы рөлін атап өтеміз.
Мереке қарсаңында басқарма басшысының орынбасары Құлтасова Динара Қалымқызы Ұлттық экономика министрлігінің «Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен, қаржы және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Түлкібаева Жанар Бақытқызы облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Басқарма басшысының алғыс хаттарымен басқарма қызметкерлері Кушеков Бауыржан Дулатұлы, Адилова Динара Оралқызы, Серикова Наргиз Сағындыққызы, Оспанова Қымбат Тайболатқызы, Шайсұлтанова Айгерім Сансызбайқызы, Муфтахадинова Райгүл Маратқызы марапатталды.
«AMANAT» партиясының алғыс хаттарымен басқарма қызметкерлері Нұрғалиева Гүлмира Жасқайратқызы, Қазжанова Дина Төлебеккызы, Ташимов Азамат Сәлімұлы, Еламанов Болат Кабиболлаұлы марапатталды.
Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқарманың қызметкерлері «Ұлттық диктант» жобасына қатысып, диктан жазу жұмыстарын жүргізді.
Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы баршаңызды Республика күнімен құттықтайды!
Бұл айтулы күн халқымыздың тәуелсіздігін, бірлігі мен күшін, Отанымыздың игілігі мен өркендеуіне деген ұмтылысын білдіреді. Қазақстан Республикасы қалыптасу мен дамудың үлкен жолынан өтті. Бүгін біз әрбір азаматтың еңбегі, табандылығы мен патриотизмінің арқасында қол жеткізілген жетістіктерді мақтанышпен атап өтеміз.
Мереке қарсаңында басқарма қызметкерлері облыс әкімі мен "Аманат" партиясының адал еңбегі, кәсібилігі және өңірдің дамуына қосқан жеке үлесі үшін Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл марапаттар олардың адалдығы мен жоғары жауапкершілігін лайықты мойындау болып табылады.
Управление экономики и бюджетного планирования Акмолинской области поздравляет всех с праздником – Днем Республики Казахстан!
Этот знаменательный день олицетворяет независимость, единство и силу нашего народа, стремление к благополучию и процветанию Родины. Республика Казахстан прошла большой путь становления и развития, и сегодня мы с гордостью отмечаем достижения, достигнутые благодаря труду, упорству и патриотизму каждого гражданина.
В преддверии праздника сотрудники управления были отмечены Почетными грамотами и Благодарственными письмами от акима области и партии «Аманат» за добросовестный труд, профессионализм и личный вклад в развитие региона. Эти награды являются заслуженным признанием их преданности делу и высокой ответственности.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы қызметкерлері «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы ұйымдастырған «Таза Қазақстан» акциясын іске асыру шеңберінде сенбілікке қатысты.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкерлері басқарма зейнеткерлеріне алғыс білдіріп, мықты денсаулық, әл-ауқат тілеп, халықаралық қарттар күнімен құттықтады.
Сотрудники управления экономики и бюджетного планирования с чувством благодарности, пожеланиями крепкого здоровья и благополучия поздравили пенсионеров управления с международным днем пожилых.
https://kokshetv.kz/ru/news/38995
Табыстың тұрақты өсуі жаңа жұмыс орындары және кәсіпкерлікті дамыту-халықтың табысын арттырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың мақсаттары Ол 2029 жылға дейін есептелген Ақмола облысыосы бастама белсенді іске асырылып жатқан өңірлер қатарында