Осы міндет шеңберінде Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мынадай функцияларды орындайды: облыс пен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына экономикалық талдауды жүзеге асыру, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, оның ішінде басым Бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін әзірлеу, облыс аумағын дамыту бағдарламасын әзірлеу, әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, бюджет түсімдерін болжауды жүзеге асыру, Барлау, Өндіру жүргізуге арналған келісім-шарттардың жобаларына экономикалық сараптаманы жүзеге асыру, жергілікті атқарушы органдарының, аудандардың және қалалардың уәкілетті органдарының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру кезінде жұмысын үйлестіру.