«Дипломмен ауылға!» жобасын іске асыру бойынша 2020 жылдың 1 шілдесіне ақпарат

«Дипломмен ауылға!» жобасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс және тұру үшін келген әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына республикалы0 бюджеттен 2020 жылға жалпы сомасы                1,4 млрд.теңгеге 352 маманға бюджеттік несие бөлінген.

Көтермелі жәрдемақы жалпы сомасы 199,7 млн.теңгеге 753 маманға қарастырылған болатын.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінің жағдайы бойынша 148 әлеуметтік және агроөнеркәсіптік саласындағы келген мамандарға 570,7 млн. теңгеге (оның ішінде білім беру – 106 маман, денсаулық сақтау – 28, әлеуметтік қамту – 1, мәдениет – 9, спорт – 2, агроөнеркәсіптік кешен – 2) бюджеттік несие, көтермелі жәрдемақы 202 маманға 55,3 млн. теңге (оның ішінде білім беру – 156 маман, денсаулық сақтау – 31, әлеуметтік қамту – 2, мәдениет – 5, спорт – 2, агроөнеркәсіптік кешен – 6) берілді.

Дата публикации
03 июля 2020