«Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық елдi мекендерге жұмыс және тұру үшiн келген әлеуметтiк сала және агроөнеркәсiптiк кешен мамандарына 2018 жылға республикалық бюджеттен 477 маманға 1 722,7 млн.теңге сомасында бюджеттiк кредиттер бөлiнген, сонымен қатар 332 маманға 56,5 млн.теңге сомасында көтермелi жәрдемақы қарастырылған.
Ағымдағы жылдың бiрiншi жартыжылдығы үшiн 777,6 млн.теңге сомасына 224 бюджеттiк кредит берiлген (оның iшiнде бiлiм — 163 маман, денсаулық сақтау — 40, мәдениет — 11, агроөнеркәсiптiк кешен — 5, спорт — 3, әлеуметтiк қамту –2).
Көтермелi жәрдемақы түрiнде 39,1 млн.теңге сомасына 232 әлеуметтiк сала және агроөнеркәсiптiк сала мамандарына (оның iшiнде бiлiм — 176 маман, денсаулық сақтау — 41, мәдениет — 4, агроөнеркәсiптiк кешен — 5, спорт — 4, әлеуметтiк қамту –2) әлеуметтiк жәрдем шаралары көрсетiлген.