«Азаматтық қызметшiлер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» (одан әрi- тiзбе) Ақмола облысы әкiмдiгiнiң қаулысының жобасын Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы әзiрледi.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2018 жылғы 7 ақпандағы № 65 "Ауыл, су, орман шаруашылықтары және жануарлар дүниесi саласындағы азаматтық қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-2/1132 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы" тiзбеге орман шаруашылығы мамандарының лауазымдары қосылып жатыр.
Жоба https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2336936 мекенжай бойынша "Ашық НҚА" порталында орналастырылды.