«2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-40-2 шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы» Ақмола облыстық мәслихаты шешiмiнiң жобасын (бұдан әрi-Жоба) Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы әзiрледi.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнiң 106-бабының 4-тармағына сәйкес 2020 жылға арналған облыстық бюджеттi нақтылау жүргiзiледi.
Бюджет қаражатын тиiмдi пайдалану мақсатында, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бағдарламалары бойынша, оларды қайта бөлу жолымен өзгерiстер енгiзiлдi. Басымдылығы бар мәселелердi ескере отырып, тұрғын үй құрылысына, инженерлiк объектiлердiң құрылысына және көлiк инфрақұрылымын дамытуға, әлеуметтiк саланы одан әрi дамытуға аталған қаражаттар бағытталды.
Жоба https: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=3766067 мекенжай бойынша"Ашық НҚА" порталында орналастырылды.