Бұл орайда орталықтардың экономикалық өрлеуi мен ел тұрғындарына қолайлы жағдайлар туғызудағы басымдықтары аймақтарды дамытудың мемлекеттiк саясатының идеологиялық тұтқасы ретiнде қарастырылады.
Табысты даму үстiндегi елдер тəжiрибесi, мемлекеттiң ұзақ мерзiмдi экономикалық дамуының қозғаушы күшi жеке салалар не- месе аумақтар емес, жұмыс күшiн тиiмдi топ- тастыру, бiрiншi кезекте талантты жастар мен мамандарға барынша тартымды əрi қолайлы тұрмыстық жағдайлар қалыптастырумен байланыстырылады. Бiздiң елiмiзде де кадрлық əлеуеттi күшейту ауылдық жерлерге келген əлеуметтiк сала мен агороөнеркəсiп кешенi қызметкерлерiн мемлекеттiк қолдау үрдiсiмен өзектес жүргiзiледi. Қолданыстағы «Дипломмен — ауылға!» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы төмендегiдей əлеуметтiк қолдау шаралары iске асырылуда: 70 айлық есептiк көрсеткiшпен жол қаражаты, тұрғын үй сатып алу немесе құрылыс жүргiзуге 15 жылдық мерзiмге 1500 айлық есептiк көрсеткiшпен бюджеттiк несие жəне 100 АЕК көлемiнде көшiп-қону өтемақысы берiледi.
Ақмола облысында үстiмiздегi жылдың 10 айында 345 маманға 68,4 миллион теңге өтемақы төлендi. Бұлардың iшiнде бiлiм беру саласына 255 маман, денсаулық сақтау — 54, мəдениет — 5, əлеуметтiк қамту — 8, спорт саласына — 7 жəне агроөнеркəсiп кешенiне 16 маман келдi. Өңiрде жұмысын бастаған 250 маман тұрғын үй сатып алу үшiн 866,7 миллион теңгенiң бюджеттiк несие қаржысын алды. Бағдарлама шеңберiнде, өңiрлердiң жергiлiктi маңыздағы өзектi мəселелерiн шешу үшiн, қаржылай қолдаудың тетiктерi iске асырылуда. Бұл əлеуметтiк жəне инфрақұрылымдық нысандарды жөндеу, коммуналдық шаруашылық, көлiк коммуникациясы, ауыл шаруашылығы, ауылдық елдi мекендердi абаттандыру сияқты 5 бағытты қамтиды. Биыл аталған мақсаттағы 215 жобаны қаржыландыруға 358,1 миллион теңге қаржы бөлiндi. Осының нəтижесiнде айтақаларлықтай жұмыстар ел игiлiгiне айналды.
Жалпы, тұрғындар пiкiрiне негiзделген жергiлiктi өзiн-өзi басқару құрылымын қаржылай қолдаудың кешендi шаралары елдi мекендердiң инфрақұрылымдық келбетiн елеулi түрде жақсартуға септiгiн тигiздi. Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету аймақтарды дамыту бағдарламасының басты ұстанымдарының бiрi саналады. Орталықтандырылған сумен қамту жəне оны тарату желiлерiн кеңейту мақсатында 2018-2019 жылдары өңiрлiк 64 жобаны iске асыруға 18,3 миллиард теңге қаржы бөлiндi. 2018 жылы Жақсы ауданындағы Лозовое жəне Киевский ауылдарының су желiлерi, Целиноград ауданындағы Сабынды-Оразақ, Оразақ-Ақмолдан Қосшы ауылына дейiнгi жəне Қызылжар, Р.Қошқарбаев су жүйелерiнiң қайта құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, биылғы жылдың соңына дейiн Ақкөл ауданындағы Жалғызқарағай, Аршалы ауданындағы Қостомар, Атбасар ауданындағы Покровка, Сепе, Жарқайың ауданындағы Бiрсуат, Целиноград ауданындағы Тайтөбе жəне бұрын суды тасып пайдаланатын Қаражар ауылдарының 5 мыңнан астам тұрғыны орталықтандырылған су жүйесiне қосылатын болады. Ат алған бағдарлама шағын жəне моноқалаларды да қамтиды. Ақмола облысында Ақкөл, Атбасар, Державинск, Есiл, Ерейментау, Макинск, Степняк, Щучинск шағын қалаларға жатқызылса, Степногорск моноқала дəрежесiнде. Есiл қаласы мен Шаңтөбе кентiнiң тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында 8,2 миллиард теңгенiң жылу желiлерiмен қамтылған қазандық құрылыстары аяқталды. Осының нəтижесiнде орталықтандырылған жылумен қамтылған тұрғындар қатары 43 пайызға артты, желiлiк шығындар азайып, экологиялық жағдай жақсара түстi. Державинск жəне Степногорск қалаларында су тазалау құрылымдар мен кəрiз желiлерiнiң қайта құрылысы жүргiзiлiп, бұл iстерге 7,9 миллиард теңге жұмсалды. Мұның да игi қайтарымдары барлығы белгiлi. Сонымен бiрге, ағымдағы жылы Щучинск қаласының 8 көшесiн жарықтандыру, Степногорск қаласындағы 45 пəтерлiк екi үйдiң инженерлiк желiлерiнiң құрылысы жүргiзiлгенiн атап өтуге болады. Аймақтардың экономикалық бəсекелестiгiн арттыру жəне басқарылатын урбанизация жағдайындағы тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту шарттары аймақтарды дамытудың 2025 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасы аясында одан əрi өсе түспек. Бұл iсте «Ауыл — Ел бе сiг i» жобасы шеңберiнде қосымша шаралар дақарастырылған. Бұл жоба «Екатеринбург-Алматы» республикалық автомобиль жолы бойындағы Астрахан жəне Аршалы аудандарының елдi мекендерi мен туристiк кластер ошағы саналатын Зерендi ауылынан бастау алды. Аталған өңiрлерде 3,1 миллиард теңгенiң 31 жобасы iске асырылуда. Мəселен, Астраханка ауылында аудандық мəдениет үйiнiң, агротехникалық колледждiң, ауылiшiлiк жолдардың, жаяу жүргiншiлер жолдарының, сумен қамту жүйесiнiң жөндеу жұмыстары жəне қазандық құрылысы жүргiзiлуде. Аршалы кентiнде №2 орта мектептiң, жолдардың жөндеу
жұмыстары, денешынықтыру-сауықтыру кешенiнiң құрылысы қолға алынды. Ал, Зерендiде мəдениет үйiне, су жүйелерiне, ауылiшiлiк жолдарға жөндеу жүргiзiлуде жəне жылу орталығының қазандықтары алмастырылуда. Аймақтарды дамытудың 2025 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде мультипликаттық тиiмдiлiк алу үшiн ауылдық тiрек пункттерi кешендi түрде дамитын болады. Бұл орайда, əлеуметтiк жəне инфрақұрылымды қуаттандыру, елдi мекендердiң кадрлық əлеуетiн арттыру, ауыл шаруашылығы тауарларын қайта өңдеу, халықтық қолөнер мен қызметiн өрiстету айрықша назарда ұсталады. Мұның барлығы ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң тұрақты сипатын қамтамасыз етiп, тұрғындар кiрiсiн еселей түсетiн болады.
Қанат ДҮЗЕЛБАЕВ, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы