Мемлекеттік органдардың әлеуметтік-экономикалық даму факторындағықоғамға есеп берушілігі мен оның бақылауында болуы

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттiк басқарудың тиiмдiлiгiн, елдiң инвестициялық тартымдылығын төмендететiнi, әлеуметтiк-экономикалық қарыштап дамуды тежейтiнi баршаға мәлiм.

Сонымен бiрге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиiмдi әрi жүйелi iс-қимылдың басты шарттары билiк органдарының қоғамға есеп берушiлiгi мен оның бақылауында болуы, сот төрелiгiнiң тәуелсiздiгi мен әдiлдiгi, баяндауда анық және қолдануда күрделi емес заңдар, мемлекеттiң кадр саясатындағы меритократия, мемлекеттiк рәсiмдердiң ашықтығы және қоғамның сыбайлас жемқорлыққа деген төзiмсiздiгi болып танылады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401 «Ақпаратқа қол жеткiзу туралы» Заңына сәйкесақпаратты ақпарат иеленушiнiң интернет-ресурсында орналастыру, "электрондық үкiмет" веб-порталының тиiстi құрамдастарында, ақпарат иеленушiлер орналасқан үй-жайлардаорналастырудытәсiлдерiмен қамтамасыз етiледi.

Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасыоблыстың жоспарлау және әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын

қалыптастырудың, бюджеттiк саясатының жергiлiктi уәкiлеттi органы болғандықтан өз сайтында келесi ақпаратты орналастырады: «Азаматтық бюджет» бөлiгiнде — Ақмола облысының әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi көрсеткiштерi, облыстық бюджеттiң кiрiстерi және шығыстары туралы, «Ағымдағы қызмет» бөлiгiнде Ақмола облысының әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамы, паспорты, қорытындылары, «Мемлекеттiк қызметтер» бөлiгiнде «Дипломмен ауылға» жобасының iске асырылуы туралы ақпарат, «Стратегиялық құжаттар» бөлiгiнде — Ақмола облысының аумағын дамытудың кезектi бес жылдық кезеңiне арналған бағдарламасы, аталган бағдарламасын iске асыру туралы есебi.

«Ашық үкiмет» интернет-порталында басқарманың бюджеттiк бағдарламалар туралы ақпараты, бюджеттiк бағдарламарының iске асырылуы туралы есебi, басқармада әзiрленген нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары.

Сондай-ақ, сайтта басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы жұмысын көрсететiн «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы бөлiгi, заңды және жеке тұлғалардың өтiнiштерiне арналған «Виртуалдық қабылдау» бөлiгi бар.

Сонымен қатар, әрбiр жарты жылдықта басқарманың iшкi қызметi және басқарманың қызметiнрегламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерiне сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерiн iшкi талдау жүргiзiледi.

Басқарма басшысының 2017 жылғы 15 мамырдағы № 15-О бұйрығының негiзiнде басқарманың мемлекеттiк қызметшiлерiн басқарушылық шешiмдердi даярлаужәне қабылдау кезiнде және өзге қарым-қатынастар кезiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты бекiтiлген.

Сыбайлас жемқорлықты алдын алу шараларының бiрi мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық сауаттылығын арттыру болғандықтан, басқармада үнемi мемлекеттiк қызметшiнiң позитивтiк имиджiн құруға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерiстердi қадағалайтын дәрiстер жүргiзiледi, және соның iшiнде мемлекеттiк қызметi туралы, бюджеттiк сала, әкiмшiлiк құқықтық бұзушылыққа қатысты дәрiстер өткiзiлiп талқыланады.

Басқармада тұрақты түрде 29-63-00 сенiм телефоны жұмыс iстейдi, мекемеде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне арналған жәшiк орналастырылған, басқарма басшысының және оның орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестесi бар.

Осылайша, ашықтық жәнеанықтық Ақмола облысы экономикажәне бюджеттiк жоспарлау басқармасының негiзгi ұстанымдарының бiрi болып табылады.

Бауыржан Малғаждаров,
облыстық экономика және бюджеттiк
жоспарлау басқармасының басшысы

Дата публикации
28 марта 2018