«Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:
инвестициялық саясат бөлiмiнiң бас маманы (негiзгi қызметкердiң бала күтiмiне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңiне), «D-О-4» санаты — 1 бiрлiк.
Лауазымдық жалақысы еңбек өтiлiне байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейiн.
Негiзгi функционалдық мiндеттерi:
Жетекшiлiк етiлетiн салалар — инвестициялық саясат, тұрғын-үй құрылысы, тұрғын үй — коммуналдық шаруашылықтың әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау, облысты дамытудың стратегиялық құжаттарын әзiрлеу аясында аталған бағыттар бойынша болжамдық көрсеткiштердi және индикаторларды құрастыру. Облысты дамытудың стратегиялық құжаттары аясында жетекшiлiк етiлетiн бағыттар бойынша мақсаттар мен мiндеттерге жету бойынша ақпараттарға талдау жүргiзу және құрастыру. Облыстық атқарушы органдардың, аудан, облыстық маңызы бар қала әкiмдiктерiнiң қызмет тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзу. Жетекшiлiк етiлетiн салаларды ұстауға шығыстар бойынша облыстық бюджет жобасына ұсыныстар әзiрлеу. Басымды бюджеттiк инвестициялар тiзбесiн құрастыруда қатысу. Жетекшiлiк етiлетiн салалар бюджеттiк өтiнiмдерiн қарастыру және оларға қорытындыларды дайындау. Бюджеттiк инвестицияларды салу бағыттары бойынша ұсыныстарды енгiзу. Бөлiм құзыретi шегiнде, басқарманың стратегиялық және операциондық жоспарларын, оларды орындау бойынша есептiлiктi құрастыруда қатысу. Облыстық бюджет және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерi арасында жалпы сипаттағы трансферттердi есептеуде қатысу. Бөлiм құзыретiне кiретiн сұрақтар бойынша талдамалы анықтамаларды, материалдарды, ақпараттарды дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойлатын негiзгi талаптар:
экономика және бизнес саласында жоғары бiлiм. Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi барларға рұқсат етiледi. Жеке компьютерде жұмыс iстей бiлуi қажет.
Конкурс Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызмет iстерi Агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекiтiлген «Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзу және конкурстық комиссияны құру ережесiнiң» негiзiнде жүргiзiледi.
Конкурстық комиссия жұмысының айқындығын және объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн байқаушылардың қатысуына жол берiледi. Байкаушы ретiнде тiркелу үшiн басқарманың персоналды басқару қызметiне жүгiну қажет.
Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар: белгiленген үлгi бойынша өтiнiш; 3х4 мөлшерiндегi фотосуретiмен белгiленген үлгi бойынша толтырылған сауалнама; нотариалдық куәландырылған бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмесi; нотариалдық куәландырылған еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген үлгi бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтiк-құқықтық актiлерiнiң, мемлекеттiк тiркелу Тiзiлiмiнде 2010 жылғы 21 желтоқсанда №6697 тiркелген); Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi; белгiленген шектi мәннен төмен емес нәтижелерiмен тестiлеуден өткенi туралы (құжаттарды беру кезiнде колданыстағы) сертификаты «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерiнде хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннiң iшiнде мына мекен-жайға тапсырылуы тиiс: индекс 020000, Көкшетау қаласы, Абай 114 «Б» көшесi 216-бөлме, анықтама телефондары: 8(7162) 29-63-24, факс 29-63-64, электрондық пошта: esengeldina_ld@mail.akmplan.gov.kz
Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ-де әңгiмелесуге жiберiлуi туралы хабардар етiлген күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде өтедi.
Конкурсқа қатысуға шығатын шығыстарды азаматтар өз қаражаттарының есебiнен төлейдi (конкурс өткiзiлетiн жерге барып оралу, тұру және т.б.)