бас маман- заңгер, «D-О-4» санаты – 1 бірлік.

2015 жылғы 06 маусымдағы № 70 «Арқа ажары» газетiнде

«Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

бас маман- заңгер, «D-О-4» санаты — 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек өтiлiне байланысты 64 063 теңгеден 86 485 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

Қазақстан Республикасының Бюджеттiк кодексiнiң нормаларын сақтау бойынша жергiлiктi атқарушы органдарға сабағат көмегiн көрсету; жаңадан қабылданған нормативтiк актiлер бойынша басқармада заңнаманы қолдану сұрақтары бойынша оқуды жоспарлау және ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне, Қазақстан Республикасының бюджеттiк кодексiне және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен орнатылған өзге нормаларына сәйкестiгiне басқармадан шығатын келiсiмдер, бұйрықтар жобаларын бақылау және оларды парафирлеу; басқарма құзыретiне кiретiн сұрақтар бойынша нормативтi құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуде қатысу; басқармаға келiсiлуге ұсынылатын нормативтi құқықтық актiлер жобаларына заңи сараптама өткiзу; әзiрлеушi экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы болып табылатын заңға тәуелдi актiлердiн мониторингiн iске асыру; сот тәртiбiнде талқылауға жататын iстер бойынша, сондай-ақ қажет болғанда басқа ұйымдарда басқарма қызметiнiң құқықтық сұрақтарын қарастырған кезде басқарманың мүддесiн орнатылған тәртiпте материалдарды, қорытындыларды дайындау және өкiлдiк ету; алқа отырыстарында қатысу; заңгердiң қарауында тұрған барлық құжаттаманың iсiн жүргiзу.

Конкурсқа қатысушыларға қойлатын негiзгi талаптар:

құқық саласында жоғары бiлiм. Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi барларға рұқсат етiледi. Жеке компьютерде жұмыс iстей бiлуi қажет.

Конкурс Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызмет iстерi Агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекiтiлген «Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзу және конкурстық комиссияны құру ережесiнiң» негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындығын және объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн байқаушылардың қатысуына жол берiледi. Байкаушы ретiнде тiркелу үшiн басқарманың персоналды басқару қызметiне жүгiну қажет.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар: белгiленген үлгi бойынша өтiнiш; 3х4 мөлшерiндегi фотосуретiмен белгiленген үлгi бойынша толтырылған сауалнама; нотариалдық куәландырылған бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмесi; нотариалдық куәландырылған еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген үлгi бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтiк-құқықтық актiлерiнiң, мемлекеттiк тiркелу Тiзiлiмiнде 2010 жылғы 21 желтоқсанда №6697 тiркелген); Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi; белгiленген шектi мәннен төмен емес нәтижелерiмен тестiлеуден өткенi туралы (құжаттарды беру кезiнде колданыстағы) сертификаты «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерiнде хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннiң iшiнде мына мекен-жайға тапсырылуы тиiс: индекс 020000, Көкшетау қаласы, Абай 114 «Б» көшесi 216-бөлме, анықтама телефондары: 8(7162) 29-63-24, факс 29-63-64, электрондық пошта: esengeldina_ld@mail.akmplan.gov.kz

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ-де әңгiмелесуге жiберiлуi туралы хабардар етiлген күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде өтедi.

Конкурсқа қатысуға шығатын шығыстарды азаматтар өз қаражаттарының есебiнен төлейдi (конкурс өткiзiлетiн жерге барып оралу, тұру және т.б.)

Дата публикации
21 мая 2015