Нақты секторды дамыту бөлiмiнiң басшысы, D-О-3 санаты.
Лауазымдық жалақысы еңбек өтiлiне байланысты 84 563 теңгеден 114 032 теңгеге дейiн.
Негiзгi функционалдық мiндеттерi:
Жетекшiлiк етiлетiн салалар — сәулет және қала құрылысы, жолаушылық көлiк және автомобиль жолдары, кәсiпкерлiк және өнеркәсiп, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, ауыл шаруашылығы, жер қатынастарының әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау, облысты дамытудың стратегиялық құжаттарын әзiрлеу аясында аталған бағыттар бойынша болжамдық көрсеткiштердi және индикаторларды құрастыру. Облысты дамытудың стратегиялық құжаттары аясында жетекшiлiк етiлетiн бағыттар бойынша мақсаттар мен мiндеттерге жету бойынша ақпараттарға талдау жүргiзу және құрастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Жетекшiлiк етiлетiн салаларды ұстауға шығыстар бойынша облыстық бюджет жобасына ұсыныстар әзiрлеу бойынша ұйымдастыру. Бюджеттiк және өзге заңнамаға сәйкестiгiне жетекшiлiк етiлетiн салалар. Облыстық бюджет және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерi арасында жалпы сипаттағы трансферттердi есептеуде қатысу. Экономиканың нақты саласының даму талдауын iске асыру, болжамды құрастыру. Бөлiм құзыретiне кiретiн сұрақтар бойынша талдамалы анықтамаларды, материалдарды, ақпараттарды дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойлатын негiзгi талаптар: әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес саласында жоғары бiлiм.
Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:
1) мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес;
2) мемлекеттiк органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтiлi бiр жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде басшылық лауазымдарда бiр жылдан кем емес;
4) жоғары оқу орынынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесiнiң болуы.
2. Түсiмдердi болжау бөлiмiнiң бас маманы (негiзгi қызметкердiң бала күтiмiне байланысты жалақы сақталмайтын демалысы кезiне), «D-О-4» санаты.
Лауазымдық жалақысы еңбек өтiлiне байланысты 64 063 теңгеден 86 485 теңгеге дейiн.
Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Облыстық бюджеттiң салықтар және өзге мiндеттi төлемдер түсiмдерiн болжау бойынша алдағы жоспарлы кезеңге облыстық бюджеттiң параметрлерiнiң болжамын әзiрлеуде қатысу. Салықтық және басқа мiндеттi төлемдердiң жергiлiктi бюджет түсiмдерiне мониторингтi iске асыру. Жергiлiктi бюджет ресурстарын ұлғайту бойынша ұсыныстарды енгiзу. Салықсалу аясындағы қызметтi реттейтiн нормативтi құқықтық актiлердi әзiрлеуде қатысу. Жергiлiктi бюджеттiң табыс бөлiгiне түсiмдердi болжау сұрақтары бойынша Ақмола облысы бойынша салық департаментi, экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының бөлiмдерi, облыстың әкiм аппаратының бөлiмдерiмен, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың экономика және қаржы бөлiмдерiмен және өзге өкiлеттi мемлекеттiк органдармен өзара әрекеттесу. Табыс және салық салу түсiмдерiн болжау сұрақтары бойынша аналитикалық, ақпараттық және өзге материалдарды дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойлатын негiзгi талаптар: Әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес саласында жоғары бiлiм. Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi барларға рұқсат етiледi.
Конкурс Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызмет iстерi Агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекiтiлген «Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзу және конкурстық комиссияны құру ережесiнiң» негiзiнде жүргiзiледi.
Конкурстық комиссия жұмысының айқындығын және объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн байқаушылардың қатысуына жол берiледi. Байкаушы ретiнде тiркелу үшiн басқарманың персоналды басқару қызметiне жүгiну қажет.
Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар: белгiленген үлгi бойынша өтiнiш; 3х4 мөлшерiндегi фотосуретiмен белгiленген үлгi бойынша толтырылған сауалнама; нотариалдық куәландырылған бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмесi; нотариалдық куәландырылған еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген үлгi бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтiк-құқықтық актiлерiнiң, мемлекеттiк тiркелу Тiзiлiмiнде 2010 жылғы 21 желтоқсанда №6697 тiркелген); Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi; құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органмен белгiленген шектi мәннен төмен емес нәтижемен тестiлеуден өткенi туралы колданыстағы сертификаты.
Құжаттар толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.
Мемлекеттiк қызметшiлермен тапсырылатын осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды олар жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органдардың персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) куәландыра алады.
Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар конкурс өткiзiлетiндiгi туралы «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерiнде хабарландыру сонғы жарияланған кезден бастап 10 жұмыс күннiң iшiнде мына мекен-жайға тапсырылуы тиiс: индекс 020000, Көкшетау қаласы, Абай 114 «Б» көшесi 217-бөлме, анықтама телефондары: 8(7162) 29-63-24, факс 29-63-64, электрондық пошта: esengeldina_ld@mail.akmplan.gov.kz
Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ-де әңгiмелесуге жiберiлуi туралы хабардар етiлген күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде өтедi.
Конкурсқа қатысуға шығатын шығыстарды азаматтар өз қаражаттарының есебiнен төлейдi (конкурс өткiзiлетiн жерге барып оралу, тұру және т.б.)