Бас маман - заңгер, «D-О-4» санаты, 1 бірлік.

2015 жылғы 11 тамыздағы № 93 «Арқа ажары» газетiнде

«Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Инвестициялық саясат бөлiмiнiң бас маманы (негiзгi қызметкердiң бала күтiмiне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңiне), «D-О-4» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек өтiлiне байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Жетекшiлiк етiлетiн салалар — инвестициялық саясат, тұрғын-үй құрылысы, тұрғын үй — коммуналдық шаруашылықтың әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау, облысты дамытудың стратегиялық құжаттарын әзiрлеу аясында аталған бағыттар бойынша болжамдық көрсеткiштердi және индикаторларды құрастыру. Облысты дамытудың стратегиялық құжаттары аясында жетекшiлiк етiлетiн бағыттар бойынша мақсаттар мен мiндеттерге жету бойынша ақпараттарға талдау жүргiзу және құрастыру. Жетекшiлiк етiлетiн салаларды ұстауға шығыстар бойынша облыстық бюджет жобасына ұсыныстар әзiрлеу. Басымды бюджеттiк инвестициялар тiзбесiн құрастыруда қатысу. Жетекшiлiк етiлетiн салалар бюджеттiк өтiнiмдерiн қарастыру және оларға қорытындыларды дайындау. Бюджеттiк инвестицияларды салу бағыттары бойынша ұсыныстарды енгiзу. Облыстық бюджет және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерi арасында жалпы сипаттағы трансферттердi есептеуде қатысу. Бөлiм құзыретiне кiретiн сұрақтар бойынша талдамалы анықтамаларды, материалдарды, ақпараттарды дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойлатын негiзгi талаптар: Әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес саласында жоғары бiлiм. Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi барларға рұқсат етiледi. Жеке компьютерде жұмыс iстей бiлуi қажет.

Мемлекеттiк аппарат және құқық қорғау органдары бөлiмнiң бас маманы (негiзгi қызметердiң жүктiлiкке және босануға байланысты демалыс кезеңiне), «D-О-4» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек өтiлiне байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Жетекшiлiк етiлетiн салалар — жергiлiктi атқарушы органдардың, қорғаныс және құқық қорғау органдарының әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау, облысты дамытудың стратегиялық құжаттарын әзiрлеу аясында аталған бағыттар бойынша болжамдық көрсеткiштердi және индикаторларды құрастыру. Облысты дамытудың стратегиялық құжаттары аясында жетекшiлiк етiлетiн бағыттар бойынша мақсаттар мен мiндеттерге жету бойынша ақпараттарға талдау жүргiзу және құрастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Жетекшiлiк етiлетiн салалардың асырау шығындарына облыстық бюджеттiң жобасына ұсыныстарды әзiрлеу. Стратегиялық құжаттарға, бюджеттiк және өзге заңнамаға сәйкестiгiне жергiлiктi атқарушы органдардың, қорғаныс және құқық қорғау органдарының бюджеттiк өтiнiмдерiн қарастыру және оларға қорытындыларды дайындау. Бөлiм құзыретiне кiретiн сұрақтар бойынша талдамалы анықтамаларды, материалдарды, ақпараттарды дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойлатын негiзгi талаптар: Әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес саласында жоғары бiлiм. Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi барларға рұқсат етiледi. Жеке компьютерде жұмыс iстей бiлуi қажет.

Экономикалық саясат және жоспарлау бөлiмiнiң бас маманы, «D-О-4» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек өтiлiне байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:. Талдамалы анықтамаларды, облыстың әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары бойынша материалдарды, мемлекеттiқ және салалық жоспарларын iске асыру барысы туралы, экономикалық сұрақтарға қатысты басқа ақпараттарды дайындау. Облыстың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын, бесжылдық кезеңге облыс аумағын дамыту бағдарламасын, стратегиялық бағыттарға сәйкес құжаттарды әзiрлеуде қатысу. Облыстың әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары және экономикалық саясат және жоспарлауға қатысты басқа сұрақтар бойынша әкiмдiктiң кеңестерiне, отырыстарына материалдарды дайындау. Бөлiмдермен ұсынылған материалдарды жалпылау, облыстың әлеуметтiк-экономикалық паспортын құру. Веб-сайтта орналастыру үшiн облыстың, аудандардың, қалалардың әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы ақпараттарды дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойлатын негiзгi талаптар: Әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес саласында жоғары бiлiм. Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi барларға рұқсат етiледi. Жеке компьютерде жұмыс iстей бiлуi қажет.

Бас маман — заңгер, «D-О-4» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек өтiлiне байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Бюджеттiк кодексiнiң нормаларын сақтау бойынша жергiлiктi атқарушы органдарға сабағат көмегiн көрсету; жаңадан қабылданған нормативтiк актiлер бойынша басқармада заңнаманы қолдану сұрақтары бойынша оқуды жоспарлау және ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне, Қазақстан Республикасының бюджеттiк кодексiне және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен орнатылған өзге нормаларына сәйкестiгiне басқармадан шығатын келiсiмдер, бұйрықтар жобаларын бақылау және оларды парафирлеу; басқарма құзыретiне кiретiн сұрақтар бойынша нормативтi құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуде қатысу; басқармаға келiсiлуге ұсынылатын нормативтi құқықтық актiлер жобаларына заңи сараптама өткiзу; әзiрлеушi экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы болып табылатын заңға тәуелдi актiлердiн мониторингiн iске асыру; сот тәртiбiнде талқылауға жататын iстер бойынша, сондай-ақ қажет болғанда басқа ұйымдарда басқарма қызметiнiң құқықтық сұрақтарын қарастырған кезде басқарманың мүддесiн орнатылған тәртiпте материалдарды, қорытындыларды дайындау және өкiлдiк ету; алқа отырыстарында қатысу; заңгердiң қарауында тұрған барлық құжаттаманың iсiн жүргiзу.

Конкурсқа қатысушыларға қойлатын негiзгi талаптар: құқық саласында жоғары бiлiм. Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi барларға рұқсат етiледi. Жеке компьютерде жұмыс iстей бiлуi қажет.

Конкурс Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызмет iстерi Агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекiтiлген «Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзу және конкурстық комиссияны құру ережесiнiң» негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындығын және объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн байқаушылардың қатысуына жол берiледi. Байкаушы ретiнде тiркелу үшiн басқарманың персоналды басқару қызметiне жүгiну қажет.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар: белгiленген үлгi бойынша өтiнiш; 3х4 мөлшерiндегi фотосуретiмен белгiленген үлгi бойынша толтырылған сауалнама; нотариалдық куәландырылған бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмесi; нотариалдық куәландырылған еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген үлгi бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтiк-құқықтық актiлерiнiң, мемлекеттiк тiркелу Тiзiлiмiнде 2010 жылғы 21 желтоқсанда №6697 тiркелген); Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi; белгiленген шектi мәннен төмен емес нәтижелерiмен тестiлеуден өткенi туралы (құжаттарды беру кезiнде колданыстағы) сертификаты «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерiнде хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннiң iшiнде мына мекен-жайға тапсырылуы тиiс: индекс 020000, Көкшетау қаласы, Абай 114 «Б» көшесi 217-бөлме, анықтама телефондары: 8(7162) 29-63-24, 29-63-00, факс 29-63-64, электрондық пошта: esengeldina_ld@mail.akmplan.gov.kz

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ-де әңгiмелесуге жiберiлуi туралы хабардар етiлген күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде өтедi.

Конкурсқа қатысуға шығатын шығыстарды азаматтар өз қаражаттарының есебiнен төлейдi (конкурс өткiзiлетiн жерге барып оралу, тұру және т.б.)

Дата публикации
11 августа 2015