Нақты секторды дамыту бөлімнің бас маманы (негізгі қызметердің жүктілікке және босануға байланысты демалыс кезеңіне), «D‑О‑4» санаты, 1 бірлік.

«Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. Бiлiм, туризм, спорт, мұрағаттар және бұқаралық ақпарат құралдары бөлiмiнiң бас маманы, «D-O-4» санаты.

Лауазымдық жалақысы еңбек өтiлiне байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Жетекшiлiк етiлетiн салалар — бiлiм, туризм, спорт, мұрағат және құжаттама, iшкi саясат бойынша облыс аумағын дамыту бағдарламаларын, облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамыту және бюджеттiк параметрлердiң болжамын құрастыру үшiн материалдарды дайындау. Жетекшiлiк етiлетiн салалар — бiлiм, туризм, спорт, мұрағат және құжаттама, iшкi саясаттың әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау, облысты дамытудың стратегиялық құжаттарын әзiрлеу аясында аталған бағыттар бойынша болжамдық көрсеткiштердi және индикаторларды құрастыру. Облысты дамытудың стратегиялық құжаттары аясында жетекшiлiк етiлетiн бағыттар бойынша мақсаттар мен мiндеттерге жету бойынша ақпараттарға талдау жүргiзу және құрастыру. Стратегиялық құжаттарға, бюджеттiк және өзге заңнамаға сәйкестiгiне бiлiм, туризм, спорт, мұрағат және құжаттама, iшкi саясат басқармаларының бюджеттiк өтiнiмдерiн қарастыру және оларға қорытындыларды дайындау. Облыстық бюджет және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерi арасында жалпы сипаттағы трансферттердi есептеуде қатысу. Бөлiм құзыретiне кiретiн сұрақтар бойынша талдамалы анықтамаларды, материалдарды, ақпараттарды дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойлатын негiзгi талаптар: Әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес саласында жоғары бiлiм. Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi барларға рұқсат етiледi.

2. Нақты секторды дамыту бөлiмiнiң бас маманы (негiзгi қызметердiң жүктiлiкке және босануға байланысты демалыс кезеңiне), «D-O-4» санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек өтiлiне байланысты 64 063 теңгеден 86 485 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Жетекшiлiк етiлетiн салалар — сәулет және қала құрылысы, жолаушылық көлiк және автомобиль жолдары, кәсiпкерлiк және өнеркәсiп, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, ауыл шаруашылығы, жер қатынастарының әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау, облысты дамытудың стратегиялық құжаттарын әзiрлеу аясында аталған бағыттар бойынша болжамдық көрсеткiштердi және индикаторларды құрастыру. Облысты дамытудың стратегиялық құжаттары аясында жетекшiлiк етiлетiн бағыттар бойынша мақсаттар мен мiндеттерге жету бойынша ақпараттарға талдау жүргiзу және құрастыру. Жетекшiлiк етiлетiн салаларды ұстауға шығыстар бойынша облыстық бюджет жобасына ұсыныстарды әзiрлеу. Стратегиялық құжаттарға, бюджеттiк және өзге заңнамаға сәйкестiгiне сәулет және қала құрылысы, жолаушылық көлiк және автомобиль жолдары, кәсiпкерлiк және өнеркәсiп, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, ауыл шаруашылығы, жер қатынастар басқармаларының бюджеттiк өтiнiмдерiн қарастыру. Бөлiм құзыретi шегiнде, басқарманың стратегиялық және операциондық жоспарларын, оларды орындау бойынша есептiлiктi құрастыруда қатысу. Облыстық бюджет және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерi арасында жалпы сипаттағы трансферттердi есептеуде қатысу. Экономиканың нақты саласының даму талдауын iске асыру, болжамды құрастыру. Бөлiм құзыретiне кiретiн сұрақтар бойынша талдамалы анықтамаларды, материалдарды, ақпараттарды дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойлатын негiзгi талаптар: Әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес саласында жоғары бiлiм. Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi барларға рұқсат етiледi.

Конкурс Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызмет iстерi Агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекiтiлген «Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзу және конкурстық комиссияны құру ережесiнiң» негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындығын және объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн байқаушылардың қатысуына жол берiледi. Байкаушы ретiнде тiркелу үшiн басқарманың персоналды басқару қызметiне жүгiну қажет.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар: белгiленген үлгi бойынша өтiнiш; 3х4 мөлшерiндегi фотосуретiмен белгiленген үлгi бойынша толтырылған сауалнама; нотариалдық куәландырылған бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмесi; нотариалдық куәландырылған еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген үлгi бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтiк-құқықтық актiлерiнiң, мемлекеттiк тiркелу Тiзiлiмiнде 2010 жылғы 21 желтоқсанда №6697 тiркелген); Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi; құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органмен белгiленген шектi мәннен төмен емес нәтижемен тестiлеуден өткенi туралы колданыстағы сертификаты.

Құжаттар толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Мемлекеттiк қызметшiлермен тапсырылатын осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды олар жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органдардың персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) куәландыра алады.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар конкурс өткiзiлетiндiгi туралы «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерiнде хабарландыру сонғы жарияланған кезден бастап 10 жұмыс күннiң iшiнде мына мекен-жайға тапсырылуы тиiс: индекс 020000, Көкшетау қаласы, Абай 114 «Б» көшесi 217-бөлме, анықтама телефондары: 8(7162) 29-63-24, факс 29-63-64, электрондық пошта: esengeldina_ld@mail.akmplan.gov.kz

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ-де әңгiмелесуге жiберiлуi туралы хабардар етiлген күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде өтедi.

Конкурсқа қатысуға шығатын шығыстарды азаматтар өз қаражаттарының есебiнен төлейдi (конкурс өткiзiлетiн жерге барып оралу, тұру және т.б.)

Дата публикации
10 декабря 2015