«Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi 114Б, 216 бөлме, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(716-2) 29-63-24, факс 8(716-2) 29-63-64, электрондық мекен-жайы: econom@aqmola.gov.kz) мемлекеттiк органның мемлекеттiк қызметкерлерi арасындағы «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарына орналасуға iшкi конкурс жариялайды:
1.Экономикалық саясат және жоспарлау бөлiмiнiң басшысы (негiзгi қызметкердiң 2022 жылға дейiнгi бала күтiмiне байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалысы кезеңiне), санаты «D-О-3», 1 бiрлiк.
Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 126383,12 теңгеден 170545,98 теңгеге дейiн.
Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Бөлiм жұмысына басшылық. Облыстың және өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуын қорытындылау, экономикалық мәселелерге қатысты аналитикалық материалдарды, ақпараттарды дайындау. Орта мерзiмдiк кезеңге арналған облыстың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу. Облыстың әлеуметтiк-экономикалық паспортын құрастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Әлеуметтiк -экономикалық даму болжамын әзiрлеу кезiнде облыстың атқарушы органдарының, аудандардың өкiлеттi органдарының жұмысын үйлестiру. Аудандардың, облыстық маңызды қалалардың даму динамикасы және деңгейi бойынша әлеуметтiк экономикалық даму мониторингiн жүргiзу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестiру. Астаналық агломерацияны дамытудың өңiраралық жоспарының iске асырылуынан ақпарат дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес аясында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм.
Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орынтықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымастық және әрекеттестiк, қызмет басқару, шешiм қабылдау, көшбасшылық.
Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:
1) мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда қызмет өтiлi үш жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртiбесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметшi мәртебесiнде қызмет өтiлi екi жылдан кем емес;
4) мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде орталық немесе облыстық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдардың лауазымдарында немесе Қарулы Күштердiң әскери басқару органының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екi жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентiнiң жанындағы бiлiм беру ұйымдарында немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесiнiң болуы.
2.Өңiрлердi дамыту бөлiмiнiң басшысы, «D-О-3» санаты, 1 бiрлiк.
Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 126383,12 теңгеден 170545,98 теңгеге дейiн.
Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Бөлiм жұмысына басшылық. Облыс өңiрлерiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау, жетекшiлiк ететiн бағыттар бойынша облысты дамытудың стратегиялық құжаттарын әзiрлеу аясында болжамдық көрсеткiштердi және индикаторларды құрастыру. Ауылдық жерге тұру және жұмыс iстеу үшiн келген мамандарды әлеуметтiк қолдау өңiрлiк шараларын iске асыруды үйлестiру. Бағдарламалық құжаттар аясында өңiрлердi экономикалық дамытуда жәрдемдесу бойынша жергiлiктi өзiн-өзi басқаруға қаржылық қолдау көрсету бойынша өңiрлiк iс шараларды iске асыруға қатысу. Жетекшiлiк ететiн бағыттар бойынша бюджеттiк өтiнiмдерiнiң бюджеттiк және өзге де заңнамаларға сәйкестiгiн қарастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және оларға қорытындылар дайындау. Бөлiм құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша аналитикалық анықтамалар, материалдар, ақпараттар дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес аясында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм.
Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орынтықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымастық және әрекеттестiк, қызмет басқару, шешiм қабылдау, көшбасшылық.
Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:
1) мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда қызмет өтiлi үш жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртiбесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметшi мәртебесiнде қызмет өтiлi екi жылдан кем емес;
4) мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде орталық немесе облыстық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдардың лауазымдарында немесе Қарулы Күштердiң әскери басқару органының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екi жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентiнiң жанындағы бiлiм беру ұйымдарында немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесiнiң болуы.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанда дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ персоналды басқару қызметiнде (кадр қызметiне) тiркеледi.
Тiркелу үшiн тұлғалар персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн немесе электрондық көшiрмесiн, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетiлген ұйымдарға тиесiлiлiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн немесе электрондық көшiрмелерiн ұсынады.
Қағидалардың 54-тармағына сәйкес басқарушы лауазымдарға үмiттенетiн кандидаттар конкурстық комиссиямен анықталатын тақырыбына эссе жазады. Эссе комиссиямен бағаланады. Эссе жазу уақыты 45 минуттан артпауы тиiс.
Iшкi конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:
1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш;
2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен (кадр қызметiмен) құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде расталған қызметтiк тiзiм.
Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде мемлекеттiк органның электрондық поштаға берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағат бұрын кешiктiрiлмей тапсырылады.
Олар тапсырылмаған жағдайда, конкурс комиссиясы азаматты әңгiмелесуден өтуге жiбермейдi.
Құжаттар «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ ресми сайтында iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнiнен бастап 3 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.
Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ-де өтедi.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.