Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдары арасындағы «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурс

«Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi 114Б, 216 бөлме, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(716-2) 29-63-24, факс 8(716-2) 29-63-64, электрондық мекен-жайы: econom@aqmola.gov.kz) «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергiлiктi атқарушы органдары арасындағы iшкi конкурс жариялайды:

Басқарма басшысының орынбасары, «D-О-2» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 163 166 теңгеден 220 682 теңгеге дейiн.

Функционалдық мiндеттерi: Қадағалайтын бөлiмдерiнiң жұмыстарын ұйымдастыру, жоспарлау үйлестiру. Ұзақмерзiмдiк, орташа мерзiмдiк және ағымдағы жоспарлар мен бағдарламаларды, әлеуметтiк-экономикалқ дамудың болжамын және облыстың, аудандардың және облыстық маңызды қалалардың жұмысын ұйымдастыруды үйлестiру. Облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуының талдауын, стратегиялық даму құжаттарының iске асырылуының мониторингiн жүргiзу бойынша жұмысты талдау. Басқарманың құзыретiне жататын мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен өзара байланысты ұйымдастыру.

Iшкi конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм, әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес саласында.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы шарт: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару, шешiм қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерiстердi басқару;

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат

кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттiк қызмет өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде орталық немесе облыстық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екi жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы бiлiм беру ұйымдарында немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы

6) ғылыми дәрежесi;

7) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi 5 жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бiр жылдан кем емес.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушыларды шақырылады. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанда дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының персоналды басқару қызметiнде (кадр қызметiне) тiркеледi.

Қағидаларының 54-тармағына сәйкес басқарушы лауазымдарына үмiттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тiзiмiнен бiр эссенi жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссенi жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Iшкi конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш;

2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен (кадр қызметiмен) құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi немесе «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы немесе электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағаттан кешiктiрiлмей тапсырылады.

Олар тапсырылмаған жағдайда, конкурс комиссиясы азаматты әңгiмелесуден өтуге жiбермейдi.

Құжаттар Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы мен өкiлеттi органның ресми сайтында iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнiнен бастап 3 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасында әңгiмелесуден өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Дата публикации
20 декабря 2019