Өңірлерді дамыту бөлімінің бас маманы (№11-02), D-O-4 санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 108 305, 64 теңгеден 146 177, 22 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:Облыс өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау, жетекшілік ететін бағыттар бойынша облысты дамытудың стратегиялық құжаттарын әзірлеу аясында болжамдық көрсеткіштерді және индикаторларды құрастыру. Ауылдық жерге тұру және жұмыс істеу үшін келген мамандарды әлеуметтік қолдаудың өңірлік шараларын іске асыруды үйлестіру. Бағдарламалық құжаттар аясында өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша жергілікті өзін-өзі басқаруға қаржылық қолдау көрсету бойынша өңірлік іс шараларды іске асыруға қатысу. Жетекшілік ететін бағыттар бойынша бюджеттік өтінімдердің бюджеттік және өзге де заңнамаларға сәйкестігін қарастыру және оларға қорытындылар дайындау. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аналитикалық анықтамалар, материалдар, ақпараттар дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес аясында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде жүргізіледі (бұдан әрі-Қағидалар).
Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін, келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар, құжаттарды конкурс жариялаған мемлекеттік органға қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы немесе электрондық түрде хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына не «Е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде ұсынады.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
1) өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі - Қызметтік тізім);
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi.
Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне «Болашақ» халықаралық стипендиясына ие Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білімі туралы құжаттарды қоспағанда, білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы, сондай – ақ өзара тану және баламалығы туралы халықаралық шарт (келісім) қолданысына түсетін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарт (келісім), қолданылатын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген, білім туралы осы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтінде, заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде, уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға жол беріледі.
Бұл ретте персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және заңның 27- бабы 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға, мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Өтініш;
2) Құжаттар ұсынған күнге дейін бір айдан аспайтын мерзімде тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Конкурсқа қатысушы мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол немесе пошта арқылы ұсынған кандидаттарға конкурстық комиссияның хатшысы құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді. Құжаттардың толық топтамасы электрондық түрде электрондық пошта мекенжайына ұсынылған жағдайда, қолхат кандидаттың электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде жіберіледі.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну, конкурс комиссиясы хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін, оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының жасы он сегізден кем емес азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) хабарлайды. Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді .
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу, қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, немесе сот тәртібімен шағымдана алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.