2009 жылдың 1 қаңтарынан, ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген әлеуметтiк сала және агроөнеркәсiптiк кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсынуды қарастырылған, «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк сала қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау және ынталандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы күшiне ендi (әрi қарай — Заң).
Заңмен, қажет болған ауылдық жерге қалалардан және басқа елдi мекендерден (сонымен бiрге ауылдардан) жұмыс iстеуге және тұруға келген:
мамандарына келесi әлеуметтiк қолдау шаралары қарастырылған:
«Дипломмен ауылға» жобасында, осы уақытта диплом алған оқу орындарының түлектерi, сонымен қатар кем дегенде 3 жыл бойы ауылға жұмыс iстеуге және тұруға келген өтiлi бар мамандар қатысуы мүмкiн.
Әлеуметтiк қолдау шараларын алу үшiн қойылатын бiр ғана шарт, ол маманның ауылдық елдi мекенде кем дегенде 3 жыл бойы қызмет етуi болып табылады.
Осы үшiн маманға:
Жоба аясында әлеуметтiк қолдау шараларын көрсетуге құжаттарды қабылдау қалалар және аудандар әкiмдiктерi (аудандық экономика және қаржы бөлiмдерi) арқылы, немесе «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (Халыққа қызмет көрсету орталықтары) арқылы жүзеге асырылады.
Жобаға қатысу үшiн құжаттардың тiзбесi Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрi мiндетiн атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 275 бұйрығымен бекiтiлген «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9 тармағында көрсетiлген.