«Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс және тұру үшін келген әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2018 жылға республикалық бюджеттен 477 маманға
1 722,7 млн.теңге сомасында бюджеттік кредиттер және 410 маманға
69,0 млн.теңге сомасында көтермелі жәрдемақы бөлінген.
2018 жыл қорытындысы бойынша 1 722,7 млн.теңге сомасына 502 бюджеттік кредит берілген (оның ішінде білім – 380 маман, денсаулық сақтау – 80, мәдениет – 19, спорт – 8, агроөнеркәсіптік кешен – 11, әлеуметтік қамту – 4).
Көтермелі жәрдемақы түрінде 69,0 млн.теңге сомасына
410 әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік сала мамандарына (оның ішінде білім – 315 маман, денсаулық сақтау – 72, мәдениет – 7, агроөнеркәсіптік кешен – 6, спорт – 6, әлеуметтік қамту – 4) әлеуметтік жәрдем шаралары көрсетілген.