«Дипломмен ауылға!» жобасын іске асыру бойынша 2019 жылдың 31 желтоқсанына ақпарат

«Дипломмен ауылға!» жобасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс және тұру үшін келген әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2019 жылға республикалық бюджеттен 231 маманға
874,9 млн.теңге сомасында бюджеттік несиелер және 439 маманға 92,1 млн.теңге сомасында көтермелі жәрдемақы бөлінген.

2019 жылдың 31 желтоқсанға 874,3 млн.теңге 252 бюджеттік несие берілген (оның ішінде білім – 176 маман, денсаулық сақтау – 50 маман, мәдениет – 8 маман,  агроөнеркәсіптік кешен – 15 маман, әлеуметтік қамту – 2 маман, спорт – 1 маман).

          Көтермелі жәрдемақы түрінде 92,1 млн.теңге 439 әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік сала мамандарына әлеуметтік жәрдем шаралары көрсетілген (оның ішінде білім – 319 маман, денсаулық сақтау – 77 маман, мәдениет – 7 маман, агроөнеркәсіптік кешен – 19 маман, әлеуметтік қамту – 8 маман, спорт – 9 маман).

Дата публикации
08 июня 2020