«Дипломмен ауылға!» жобасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс және тұру үшін келген әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына республикалы0 бюджеттен 2020 жылға жалпы сомасы 1,4 млрд.теңгеге 352 маманға бюджеттік несие бөлінген.
Көтермелі жәрдемақы жалпы сомасы 199,7 млн.теңгеге 753 маманға қарастырылған болатын.
Бюджеттік несие бойынша қаржыландыру сәуір айынан жоспарланған. 1 мамырға жоспар 107,4 млн. теңгеге 27 бюджеттік несиені құрайды.
2020 жылдың 1 сәуірінің жағдайы бойынша көтермелі жәрдемақы әлеуметтік және агроөнеркәсіптік саласындағы келген 77 маманға 20,4 млн. теңге берілді (оның ішінде білім – 66 маман, денсаулық сақтау – 9 маман, әлеуметтік қамту – 1 маман, мәдениет – 1 маман).