«Ауыл-елігі» арнайы жобасы

«Ауыл-елiгi» арнайы жобасын iске асыру

Елiмiздiң Тұңғыш Президентi — Елбасының бастамасымен «Ауыл-ел бесiгi» арнайы жобасы iске қосылды, оның мақсаты ауылдық жерлерде әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымды дамыту, ауылдық жерлерде жайлы өмiр сүру ортасын құру болып табылады.

Осы жобаны iске асыру үшiн 2019 жылға таңдалған 3 перспективалы ауылдық елдi мекен — аудан орталықтары Екатеринбург-Алматы республикалық трассасында орналасқан Астраханка, Аршалы ауылдары және туристiк кластердiң өсу нүктесi болып табылатын Зерендi ауылы таңдалған.

Бұл ауылдарда 3,1 млрд. теңге сомасына 19 жоба жүзеге асырылуда:

Астраханка ауылында аудандық мәдени орталық, ауылшаруашылық колледжi, ауыл iшiндегi жолдар, тротуарлар, сумен жабдықтау жүйесi жөнделедi. 2019-2020 жылдар аралығында қазандық ғимараты бар инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жоспарлануда;

Аршалы кентiнде №2 орта мектептi, ауыл iшiндегi жолдарды жөндеу, сонымен қатар аяқталуы 2020 жылға жоспарланған дене-сауықтуры кешенiнiң құрылысы бойынша жұмыстар өткiзiледi;

Зерендi ауылында мәдениет үйi, су мұнарасы бар сумен жабдықтау желiлерi, ауыл iшiндегi жолдар жөнделедi және орталық қазандықтағы қазандық агрегаттар ауыстырылады.

Дата публикации
05 июня 2020