Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022 жылғы қаңтар-тамыздағы қорытындылары туралы

2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша орындауға қол жеткізілді.

Өнеркәсіп өндірісінің индексі 108,9% (928,4 млрд. теңге), ауыл шаруашылығы – 108,3% (365,7 млрд. теңге), негізгі капиталға инвестициялар - 110,1% (326,4 млрд. теңге), құрылыс жұмыстары – 113,6% (108,4 млрд. теңге) құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 5,5%-ға (399,9 мың ш.м.) өсті.

Ағымдағы жылдың тамыз айында тұтыну бағаларының индексі 114,2%-ды құрады (12 орын; ҚР бойынша - 113,3%), оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 118,8% (11 орын; ҚР бойынша - 118%).

12 978 жаңа жұмыс орны құрылды (бір жылға арналған жоспарға 68,5%; жоспар - 18958 орын), оның ішінде тұрақты жұмыс орындары – 7 415 (бір жылға арналған жоспарға 101,8%; жоспар – 7281 орын). Жұмыссыздық деңгейі – 4,8% (2022 жылғы
2 тоқсанда).

Орташа жалақы 21,1%-ға 236,1 мың теңгеге дейін өсті (2022 жылғы қаңтар-маусым). Халық табысының нақты өсімі 12,1% (2022 жылдың 1 тоқсанында 128,8 мың теңге) құрады.

Дата публикации
15 сентября 2022